«Сиқырдан емделдім» – Айгүл Иманбаева құпиясын ашты

Жарияланды 4 Қараша 2026 15:56

Шадияр Өстемір

Шадияр Өстемір

General news бөлімінің аға журналисі s.ostemir@kursiv.media
фото: instagram.com/aigul_imanbayeva, бильд-редактор: Дастан Шанай

Айгүл Иманбаева өзіне жасалған дуаны қайтарып, емделіп, сиқырдан қалай құтылғанын айтты, деп хабарлайды Kursiv.media.

Актриса бұл жолы бұрын жасырып келген, сиқырды қайтарып, дем салатын кісінің кім екенін атады.

«Достар, естеріңізде ме? Былтыр маған дуа жасалды. Бұл туралы сұхбаттарымда да айттым. Инстаграм, Тик-токқа да салдым. Бұл өте қорқынышты болды. Мен мұндайды кинода ғана болады екен деп ойлаған едім. Өмірде бар екен. ХХІ-ғасырда!», – деді актриса.

Көп адам Айгүл Иманбаевадан қара сиқырдан қалай емделгені туралы сұраған. Бірақ ол бұл жайында ешкімге ешқандай ақпарат бермеген. Өйткені, актрисаның күдігінше, дауа жасаушылар бұл сауалды өздері қойып отыруы ықтимал. Айгүл Иманбаева сиқыр жасаушылардың кім екенін білетінін айтты.

«Мен құпиямды бөлісе кетейін. Бір емес, бірнеше адамда қаралдым. Оның бірі Шымкентте тұрады. Ауғанстаннан көшіп келген үлкен молда. Тек қана телефонын сұраған таныстарыма бердім. Мен қазір Шымкентке ұшып бара жатырмын. Атама барып, амандасып, емін алып, дем салдырып қайтамын», – деді Айгүл Иманбаева.

Актрисаның айтуынша, Қазақстанда мұндай жағдай өте жиі кездеседі. Себебі сол кезде дайрегі дуа қайтаратын емші іздегендерден аяқ алып жүргісіз күйге түскен.

Сондай-ақ оқыңыз