
Астанада стендап-комик сахнада бейәдеп сөз айтқаны үшін айыппұл арқалады. Елорданың әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты оның бұл әрекетін майда бұзақылық деп танып, 86 500 теңге (20 АЕК) көлемінде айыппұл салды.
Іс 2026 жылдың 7 қарашасында Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 434-бабы 1-бөлігі бойынша қаралды.
Тәртіп сақшыларына демалыс оырндарының бірінде өткен кештің видеожазбасы дәлел болған.
Сот комиктің көрермендер алдында бейпіл сөйлеп, қоғамдық тәртіпті бұзғанын және айналадағыларға құрметсіздік танытқанын атап өтті.
Әзілкеш өз айыбын толықтай мойындап, өкінетінін жеткізді. Ол өзін қамауға алмауды өтініп, мұндай жағдайдың қайталанбайтынына сөз берді. Сот оның өкінішін ескере отырып, 5-тен 10 тәулікке дейінгі қамаудың орнына айыппұл жазасын таңдады. Сот қаулысы әлі заңды күшіне енген жоқ.
Бұған дейін Семейде тағы бір әзілкеш боқтық сөз айтқаны үшін бес күн түрмеге отырып шыққан.