
Белгілі қазақстандық дизайнер Аида Қауменованың әкесі Мұрау Қауменов қайтыс болды, деп хабарлайды Kursiv.Media.
Дизайнердің жазуынша, әкесі бүгін, 10 қарашада қайтыс болған.
«Әкем Мұрат Қауменов өмірден өтті. Әрдайым маған сенім артып: «Қызым, өзім әкесіз өстім, сол себепті әрқашан жандарыңда боламын, сіздерге әрдайым қамқорлық жасаймын» деп отыратын асыл адам еді», – деп жазды дизайнер.
Аида Қауменова – белгілі қазақстандық дизайнер, кәсіпкер және Aida KaumeNOVA сән үйінің негізін қалаушы. Ол отандық fashion-индустрияның көрнекті өкілдерінің бірі және заманауи дизайнды ұлттық нақышпен ұштастыратын брендті дамытып келеді. Аида қазақстандық әртістерге киім үлгілерін жасап, «Astana Opera» опера және балет театрымен әріптестік орнатып, сондай-ақ 2008 жылы Бейжіңде өткен Олимпиада ойындарына Қазақстан құрамасының спорттық киім үлгісін әзірлеуге қатысты.