Ақан Сатаевтың «Күлпәш» фильмі премьераға 3,5 сағат қалғанда кейінге қалдырылды

Жарияланды 10 Қараша 2026 21:40

Ақниет Төленді

Ақниет Төленді

General news бөлімінің журналисі a.tolendi@kursiv.media
Ақан Сатаевтың «Күлпәш» фильмі премьераға 3,5 сағат қалғанда кейінге қалдырылды / Фото: Sataifilm

Танымал қазақстандық режиссер Ақан Сатаевтың Ашаршылық нәубеті туралы баяндайтын «Күлпәш» фильмінің көрсетілімі белгіленген уақытқа санаулы сағат қалғанда кейінге қалдырылды, деп хабарлайды Kursiv.Media.

Премьера 10 қыркүйек күні Forum кинотеатрында өтуі тиіс еді. Sataifilm студиясының хабарлауынша, көрсетілім «шамамен» келесі аптаға ауыстырылған.

Фильм 1930 жылдардағы ашаршылық тұсындағы ана мен баланың қасіретті тағдырын баяндайды.

Картина 11 қарашадан бастап жалпы прокатқа шығуы тиіс еді. Айта кетейік, елімізде прокатқа шығатын барлық фильм арнайы прокаттық куәлік алуы қажет.

Ақан Сатаевтың фильмінде басты рөлдерді Гүлмира Хасанова, Еркебұлан Дайыров, Бәйкенже Белбаев, Бекболат Мақашев, Махаббат Сарқытбаева, Кенжебек Башаров сомдады.

Айта кетейік, осыған дейін режиссер Ақан Сатаев жүрегі сыр беріп, ауруханаға түскені туралы жазған едік.

Сондай-ақ оқыңыз