Ақтауда көпқабатты үйдің ауласында көлік жарылды

Жарияланды
General news бөлімінің журналисі
Ақтауда көпқабатты үйдің ауласында көлік жарылды / Фото: ТЖМ

12 қарашада Ақтаудың 27-шағын ауданында Hyundai Elantra автокөлігі өртенді, деп хабарлайды Kursiv Media.

Маңғыстау облыстық ТЖД мәліметінше, көліктегі газ баллон жабдығы жарылған.

Өрт туралы хабарлама сағат 11:46-да түскен. Көлікте көлемі 45 литрлік газ баллоны орнатылған екен. Өрт сөндірушілер жалынды сағат 11:58-де толық ауыздықтады.

Өңірлік денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, оқиға салдарынан бір адам ауруханаға жүгінген:

«Облыстық көпбейінді аурухананың қабылдау бөліміне 1988 жылы туған ер адам беті, мойны және екі қолының күйігімен түсті. Дәрігерлер оған қажетті алғашқы медициналық көмек көрсетіп, ауруханаға жатуды ұсынды», – делінген ведомство хабарламасында.

Алайда зардап шеккен азамат ауруханаға жатудан бас тартқан.

Сондай-ақ оқыңыз