Ақтауда көпқабатты үйдің ауласында көлік жарылды
Жарияланды

12 қарашада Ақтаудың 27-шағын ауданында Hyundai Elantra автокөлігі өртенді, деп хабарлайды Kursiv Media.
Маңғыстау облыстық ТЖД мәліметінше, көліктегі газ баллон жабдығы жарылған.
Өрт туралы хабарлама сағат 11:46-да түскен. Көлікте көлемі 45 литрлік газ баллоны орнатылған екен. Өрт сөндірушілер жалынды сағат 11:58-де толық ауыздықтады.
Өңірлік денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, оқиға салдарынан бір адам ауруханаға жүгінген:
«Облыстық көпбейінді аурухананың қабылдау бөліміне 1988 жылы туған ер адам беті, мойны және екі қолының күйігімен түсті. Дәрігерлер оған қажетті алғашқы медициналық көмек көрсетіп, ауруханаға жатуды ұсынды», – делінген ведомство хабарламасында.
Алайда зардап шеккен азамат ауруханаға жатудан бас тартқан.