Энергетика министрлігі сұйытылған газдың шекті бағасын өзгертпеуді ұсынды

Жарияланды 13 Қараша 2026 12:39

Аягөз Құрмаш

Аягөз Құрмаш

a.kurmasheva@kursiv.media
Сұйытылған газ бағасы/ agp.com.kz, бильд-редактор: Адэлина Мамедова

Энергетика министрлігі 2027 жылы сұйытылған мұнай газының шекті көтерме бағасын қазіргі деңгейде сақтауды ұсынып отыр, деп хабарлайды Kursiv.Media.

Тиісті бұйрық жобасы қоғамдық талқылауға жарияланды. Құжатқа сәйкес, 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап сұйытылған мұнай газын көтерме саудада өткізуге арналған шекті бағаны қайта бекіту көзделген.

Бұйрық жобасы 2026 жылғы 27 қарашаға дейін қоғамдық талқылауда болады.

Қазір сұйытылған газдың ҚҚС-сыз шекті көтерме бағасы тоннасына 59 722 теңгені құрайды. Бұл тариф 2026 жылғы 31 желтоқсанға дейін қолданылады. Министрлік жаңа жылдан бастап бағаны көтеруді де, төмендетуді де ұсынбай отыр.

Жаңа баға тауар биржаларынан тыс, ішкі нарыққа жеткізу жоспары аясында сатылатын сұйытылған мұнай газына қатысты.

Оқи отырыңыз: Қашағанда жаңа газ өңдеу зауыты салынады: «QazaqGaz» ірі келісімшартқа қол қойды

Сондай-ақ оқыңыз