Ақтөбеде алюминий конструкцияларын шығаратын жаңа өндіріс кешені ашылды

Жарияланды 13 Қараша 2026 10:48

Аягөз Құрмаш

Аягөз Құрмаш

a.kurmasheva@kursiv.media
Ақтөбеде жаңа өндіріс кешені ашылды/ gov.kz

Ақтөбеде GREENTE алюминий конструкцияларын өндіретін жаңа кешен іске қосылды, деп хабарлайды Kursiv.Media.

Кәсіпорынның ашылу рәсіміне облыс әкімінің орынбасары Абзал Әбдікәрімовтың айтуынша, жаңа өндіріс орындарын ашу, инвестиция тарту және жергілікті кәсіпорындардың өндірістік мүмкіндіктерін кеңейту – облыстың басым бағыттарының бірі.

Жаңа кешеннің жалпы аумағы 3 200 шаршы метрді құрайды.

Мұнда алюминийден жасалған терезелер, есіктер мен витраж конструкциялары өндіріледі.

Кәсіпорында бұйымдарды есептеу мен жобалаудан бастап, бояу, жоғары дәлдіктегі станоктарда өңдеу, құрастыру және дайын өнімді қаптауға дейінгі барлық өндірістік кезең қамтылған.

Тағы да оқыңыз: Қарағандыда шахта жабдықтарын жөндейтін зауыт ашылды

Сондай-ақ оқыңыз