Криштиану Роналду сериал түсірмек

Жарияланды 13 Қараша 2026 16:30

Рауан Мутаир

Рауан Мутаир

General news бөлімінің журналисі r.mutairov@kursiv.media
Криштиану Роналду объявил об уходе из сборной Португалии после 23 лет, 234 матчей и рекордных 146 голов за национальную команду.
фото: ашық дереккөз

Португалиялық футболшы Криштиану Роналду өзінің алғашқы телесериалы – «Day 1s» жобасының түсірілімі басталғанын мәлімдеді. Футбол жұлдызы бұл жобаны британиялық режиссер Мэттью Вонмен бірлесіп жүзеге асырып жатыр, деп хабарлайды Kursiv Media.

Роналду жаңа жобасы туралы Instagram парақшасында хабарлады.

«Керемет жаңалық! Менің алғашқы Day 1s телесериалымның өндірісі басталды. Жақында толығырақ ақпарат жариялаймыз», – деп жазды футболшы.

Жарияланымда британиялық актер Дэмиан Льюис пен рэпер Дейвтің суреттері, сондай-ақ Англияның «Брентфорд» футбол клубының киім ауыстыратын бөлмесінен түсірілген кадр көрсетілген.

Бұған дейін The Sun басылымы сериалдың сюжеті Ұлыбританиядағы футбол агентінің өмірі төңірегінде өрбитінін хабарлаған. Басты кейіпкерді «Отан» (Homeland) телесериалы арқылы танылған актер Дэмиан Льюис сомдайды.

Басылым мәліметінше, жобаның идеясы кезінде Тьерри Анридің агенті болған Даррен Дейнге тиесілі. Оның да сериалға түсуі мүмкін екені айтылған.

Криштиану Роналду сериалдың атқарушы продюсері қызметін атқарады. Сонымен қатар футболшының кейбір эпизодтарға өзі қатысуы да мүмкін.

Роналду Голливуд режиссерімен компания құрған

«Day 1s» – Роналду мен британиялық режиссер Мэттью Вон 2025 жылдың сәуірінде негізін қалаған UR·MARV Studios компаниясының алғашқы ірі жобаларының бірі. Мэттью Вон көрерменге «Kingsman» және «Kick-Ass» фильмдерінің режиссері ретінде танымал.

Компания кино және телевизия саласында бірнеше жоба әзірлеп жатыр. Солардың бірі – «Stuntnuts» фильмі. БАҚ мәліметінше, оған Голливуд жұлдыздары Мэтт Деймон мен Крис Хемсворт қатысады деп күтілуде.

Айта кетейік, Криштиану Роналду 2026 жылғы қарашада Португалия құрамасындағы мансабын аяқтайтынын жариялаған. Алайда ол клубтық деңгейде футбол ойнауын жалғастырып жатыр. Қазір 41 жастағы шабуылшы Сауд Арабиясының «Әл-Наср» командасында өнер көрсетеді.

Сондай-ақ оқыңыз