Мақпал Жүнісова анасының 90 жылдық мерейтойын атап өтті

Жарияланды 16 Қараша 2026 11:09

Рауан Мутаир

Рауан Мутаир

General news бөлімінің журналисі r.mutairov@kursiv.media
фото: instagram

Қазақстанның халық әртісі Мақпал Жүнісова анасының 90 жасқа толған мерейтойын атап өтті. Әншінің отбасындағы қуанышты сәттер әлеуметтік желіде жарияланды.

Өнер иесі анасының мерейлі жасын үлкен даңғазасыз, жақындарының ортасында атап өткен. Жарияланған кадрларға қарағанда, мерейтой отбасында әрі қарапайым өткен.

Тойда эстрада жұлдыздары байқалмайды. Есесіне мерейтой иесінің немере-жиендері өнер көрсетіп, ән айтып, әжелеріне музыкалық тарту жасаған.

Мерекелік дастарқан басына жиналған туған-туыстары 90 жасқа толған анаға ақ тілектерін арнап, қуанышына ортақтасқан.

Бұған дейін, Юлдуз Усманова Мақпал Жүнісованың әндерін орындағысы келетінін айтқан еді.

Сондай-ақ оқыңыз