
Қазақстанның халық әртісі Мақпал Жүнісова анасының 90 жасқа толған мерейтойын атап өтті. Әншінің отбасындағы қуанышты сәттер әлеуметтік желіде жарияланды.
Өнер иесі анасының мерейлі жасын үлкен даңғазасыз, жақындарының ортасында атап өткен. Жарияланған кадрларға қарағанда, мерейтой отбасында әрі қарапайым өткен.
Тойда эстрада жұлдыздары байқалмайды. Есесіне мерейтой иесінің немере-жиендері өнер көрсетіп, ән айтып, әжелеріне музыкалық тарту жасаған.
Мерекелік дастарқан басына жиналған туған-туыстары 90 жасқа толған анаға ақ тілектерін арнап, қуанышына ортақтасқан.
Бұған дейін, Юлдуз Усманова Мақпал Жүнісованың әндерін орындағысы келетінін айтқан еді.