Қазақстанда жаңа үйдің нақты бағасы үш жылда 4,6% төмендеген

Жарияланды 18 Қараша 2026 12:20

Нұрсұлтан Ерболатұлы

Нұрсұлтан Ерболатұлы

Business news бөлімінің аға журналисі nursultankaseke@gmail.com
фото: NY

Пәтердің теңгедегі бағасы өссе де, инфляцияны есепке алғанда ол арзандауы мүмкін. Global Property Guide графигі Қазақстанда осындай өзгеріс болғанын көрсетеді. Жаңа тұрғын үйдің нақты бағасы үш жылда 4,6% төмендеген.

Тұрғын үй қай жерде көбірек арзандады?

Графикте үш жылда тұрғын үйдің нақты бағасы төмендеген 18 нарық көрсетілген. Ең үлкен құлдырау Макаода тіркелген – 25,3%. Одан кейін Пномпень (18,7%) мен Бейжің (15,6%) тұр. Канадада баға 10%, Францияда 8,7%, Ұлыбританияда 4,2% төмендеген. АҚШ-та өзгеріс 0,3% болған.

Инфографика: Нұрсұлтан Ерболатұлы

Қазақстандағы 4,6% нені білдіреді?

Global Property Guide Қазақстан бойынша жаңа тұрғын үй бағасын елдегі тұтыну бағаларының индексін ескере отырып есептейді. Графиктегі көрсеткішке сай, үш жыл ішінде Қазақстанда жаңа үйдің бағасына қарағанда жалпы баға деңгейі жылдамырақ өскен.

Сондай-ақ оқыңыз