
Сингапур елінде Қазақстаннан заңсыз шығарылған активтер жоқ. Бұл туралы Бас прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев мәлімдеді.
Құрылтай депутаты Шахмардан Байманов Сингапурға Қазақстаннан заңсыз шығарылған активтер бар ма, болса оларды қайтару мүмкіндігі қандай деген сұрақ қойды.
Қойгелдиевтің айтуынша, Қазақстан мен Сингапур арасында жасаған қылмыстық істерге қатысты өзара құқықтық көмек туралы келісім заңсыз активтерді бірден анықтауға көмектеседі.
«Егер болашақта ондай активтер анықталатын болса, бұл келісім оларды Қазақстанға толық қайтаруға мүмкін береді. Осы келісімшартта негізігі үш тетік көрсетілген. Біріншісі – мүлікті немесе банктердегі шотты анықтау. Екіншіден, оны бұғаттау, сосын тәркілеу. Тәркіленген мүлік, ақшалай болсын, актив болсын, Қазақстанға қайтарылады», – деді прокурор.
Құрылтай Қазақстан мен Сингапур арасындағы қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы келісімді ратификациялады. Құжатқа 2025 жылғы 8 қыркүйекте Сингапурда қол қойылған.