Қазақстан экспорттаған сусынның жартысынан көбін Қырғызстан сатып алды

Биыл тоғыз айда шетелге 179,5 млн долларға 393 мың тонна сусын сатылған. Экспорт құнының жартысынан көбі Қырғызстанға тиесілі. Өзбекстанды қосқанда, осы екі елдің үлесі 83,7%-ға жетті. Kursiv.Media қазақ сусындарын көбіне қай елдер сатып алатынын анықтады.
Қырғызстан Өзбекстанға қарағанда көп сусын алды
Қаңтар-қыркүйек аралығында Қырғызстанға 92,8 млн доллардың сусыны жөнелтілді. Өзбекстан 57,4 млн доллармен екінші орынға шықты. Үшінші орында Ресей тұр. Бұл елге сатылған сусынның құны 15,1 млн долларға жетті.
🥤 Қазақстан сусынды қай елдерге экспорттады?
2026 жылғы қаңтар–қыркүйек · Экспорт құны, АҚШ доллары
179,47 млн доллар · 393,1 мың тонна
Елдер бойынша · шкала, млн доллар
Қалған 23 бағытты көрсету
Сусын түрлері бойынша · шкала, млн доллар
Алдын ала дерек · СЭҚ ТН 2201–2206, 2208
Дереккөз: Ұлттық статистика бюросы ·
Экспорттың 86%-ы алкогольсіз сусындарға тиесілі
Қазақстан шетелге 154,5 млн доллардың алкогольсіз сусынын сатты. Бұл санатқа лимонад, энергетикалық сусындар және басқа да алкогольсіз сусындар кіреді. Сыра экспорты 13 млн доллар, су экспорты 6,1 млн доллар болды. Спиртті ішімдіктер 5,3 млн долларға, ал шарап, вермут, сидр және осы топтағы өзге сусындар 593 мың долларға сатылды.