Қазақстан экспорттаған сусынның жартысынан көбін Қырғызстан сатып алды

Жарияланды
Business news бөлімінің аға журналисі
фото: NY

Биыл тоғыз айда шетелге 179,5 млн долларға 393 мың тонна сусын сатылған. Экспорт құнының жартысынан көбі Қырғызстанға тиесілі. Өзбекстанды қосқанда, осы екі елдің үлесі 83,7%-ға жетті. Kursiv.Media қазақ сусындарын көбіне қай елдер сатып алатынын анықтады.

Қырғызстан Өзбекстанға қарағанда көп сусын алды

Қаңтар-қыркүйек аралығында Қырғызстанға 92,8 млн доллардың сусыны жөнелтілді. Өзбекстан 57,4 млн доллармен екінші орынға шықты. Үшінші орында Ресей тұр. Бұл елге сатылған сусынның құны 15,1 млн долларға жетті.

🥤 Қазақстан сусынды қай елдерге экспорттады?

2026 жылғы қаңтар–қыркүйек · Экспорт құны, АҚШ доллары

179,47 млн доллар · 393,1 мың тонна

Елдер бойынша · шкала, млн доллар

Қырғызстан 92,78 млн
Өзбекстан 57,39 млн
Ресей 15,06 млн
Тәжікстан 4,86 млн
Моңғолия 1,97 млн
Латвия 1,51 млн
Әзербайжан 1,20 млн
Армения 727,88 мың
Грузия 699,63 мың
Түркіменстан 539,98 мың
Қалған 23 бағытты көрсету
Украина 514,53 мың
Қытай 444,78 мың
Эстония 327,02 мың
Беларусь 320,87 мың
Германия 295,90 мың
Оңтүстік Корея 241,87 мың
Болгария 135,92 мың
Литва 107,90 мың
Түркия 86,81 мың
Польша 86,10 мың
Ирак 44,39 мың
Чехия 43,43 мың
Ауғанстан 34,44 мың
АҚШ 27,75 мың
Тайланд 10,55 мың
Канада 2,61 мың
Гонконг 1,31 мың
Франция 671,10
Дания 274,00
Ұлыбритания 170,10
Испания 14,80
Нидерланды 14,00
Бельгия 5,30

Сусын түрлері бойынша · шкала, млн доллар

🥤 Алкогольсіз сусындар 154,52 млн
🍺 Сыра 12,96 млн
💧 Су 6,09 млн
🥃 Спиртті ішімдіктер 5,30 млн
🍷 Шарап, вермут және сидр 592,75 мың

Алдын ала дерек · СЭҚ ТН 2201–2206, 2208

Дереккөз: Ұлттық статистика бюросы ·

Экспорттың 86%-ы алкогольсіз сусындарға тиесілі

Қазақстан шетелге 154,5 млн доллардың алкогольсіз сусынын сатты. Бұл санатқа лимонад, энергетикалық сусындар және басқа да алкогольсіз сусындар кіреді. Сыра экспорты 13 млн доллар, су экспорты 6,1 млн доллар болды. Спиртті ішімдіктер 5,3 млн долларға, ал шарап, вермут, сидр және осы топтағы өзге сусындар 593 мың долларға сатылды.

Сондай-ақ оқыңыз