Кембридж сөздігі жыл сөзін таңдады

Жарияланды 18 Қараша 2026 15:57

Айгерім Таубай

Айгерім Таубай

General news бөлімінің аға журналисі a.taubay@kursiv.media
«Человеческий» стал словом года Кембриджского словаря
Фото: pexels, бильд-редактор: Адэлина Мамедова

Кембридж сөздігі 2026 жылдың сөзі ретінде ағылшын тіліндегі human («адамға тән», «адами») сөзін таңдады. 

Кембридж сөздігінде human сөзі сын есім ретінде көрсетіліп, Құдай, жануар немесе техникаға қарағанда адамдарға тән қасиеті бар деген анықтама берілген.

Авторлар human сөзінің бір нәрсені жасауға адамның қатысқанын білдіретін тіркестерде жиі кездесетінін байқаған. Мысал ретінде human-made («адам жасаған), human-written («адам жазған») тіркестерді келтірген. Мұндай анықтама адамның еңбегін жасанды интеллект жасаған жұмыстан ажыратуға көмектеседі.

Жыл сөзін таңдаған кезде тізімде жасанды интеллект дегенді білдіретін agent сөзі де болған. Бұл жерде әңгіме күрделі тапсырмаларды өз бетінше орындай алатын ЖИ-агент туралы болып отыр. 

Кембридж сөздігі 2025 жылы parasocial сын есімін жыл сөзі ретінде таңдаған. 

Бұған дейін Collins сөздігі 2026 жылдың сөзі ретінде mogging сөзін таңдады. Сөздік анықтамасына сәйкес, mogging біреуден немесе бір нәрседен асып түсу, басым болу дегенді білдіреді. Адам біреуден сырт келбеті, өзіне деген сенімділігі немесе мәртебесі жағынан басым болуы мүмкін. 

Сондай-ақ оқыңыз