«Мені ешкім сағынбасын, сен сағын»: Төреғали Төреәлі әйеліне арнап жаңа ән шығарды

Жарияланды 18 Қараша 2026 15:39

Рауан Мутаир

Рауан Мутаир

General news бөлімінің журналисі r.mutairov@kursiv.media
фото: instagram

Қазақстандық әнші Төреғали Төреәлі тыңдармандарына махаббат пен сағыныш тақырыбындағы жаңа әнін ұсынды.

Жаңа әннің сөзін ақын Қалқаман Сарин жазса, әуенін Алмас Мұхтарұлы шығарған.

Мені ешкім сағынбасын. Сен сағын!..

Сағын… көзден үзіп мұңның моншағын.

Дәл осылай сағынуға бола ма? – деп, таңғалсын

Аспан. Ай. Күн. Жер шары!.. – делінген ән мәтінінде.

Төреғали Төреәлі жаңа туындысын таныстыра отырып, отбасылық құндылықтар жайлы да пікір білдірді.

«Ерлі-зайыптылар бірін-бірі өмір бойы сүйіп өтуі керек. Қалғаны өзінен-өзі шешіледі», – деп жазды әнші.

Оқи отырыңыз: Төреғали Төрәлі Меккеде жұбайына деген ыстық сезімін білдірді

Сондай-ақ оқыңыз