Екі облыстағы республикалық тасжолда көлік қозғалысы шектелді
Жарияланды

Ауа райының қолайсыздығына байланысты 18 қараша сағат 19:00-ден бастап «Қызылорда-Жезқазған-Қарағанды-Шідерті» республикалық маңызы бар автожолының учаскелерінде барлық көлік түрлерінің қозғалысына шектеу енгізілді.
«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының мәліметінше, жол келесі учаскелерде жабылды:
- Ұлытау облысы – 216–424 шақырым аралығы (Қызылорда облысының шекарасынан Жезқазған қаласына дейін);
- Қызылорда облысы – 12–216 шақырым аралығы (Қызылорда қаласынан Ұлытау облысының шекарасына дейін).
Жолдың ашылуының болжамды уақыты – 19 қараша сағат 09:00.
Айта кетейік, осыған дейін 19, 20 және 21 қарашада ел аумағында ауа райы қандай болатыны туралы жазған едік.