Екі облыстағы республикалық тасжолда көлік қозғалысы шектелді

Жарияланды
General news бөлімінің журналисі
тасжол
Екі облыстағы республикалық тасжолда көлік қозғалысы шектелді / Фото: Shutterstock

Ауа райының қолайсыздығына байланысты 18 қараша сағат 19:00-ден бастап «Қызылорда-Жезқазған-Қарағанды-Шідерті» республикалық маңызы бар автожолының учаскелерінде барлық көлік түрлерінің қозғалысына шектеу енгізілді.

«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының мәліметінше, жол келесі учаскелерде жабылды:

  • Ұлытау облысы – 216–424 шақырым аралығы (Қызылорда облысының шекарасынан Жезқазған қаласына дейін);
  • Қызылорда облысы – 12–216 шақырым аралығы (Қызылорда қаласынан Ұлытау облысының шекарасына дейін).

Жолдың ашылуының болжамды уақыты – 19 қараша сағат 09:00.

Айта кетейік, осыған дейін 19, 20 және 21 қарашада ел аумағында ауа райы қандай болатыны туралы жазған едік.

Сондай-ақ оқыңыз