Тұрсынбек Қабатовтың заңды әйелімін – Айман Талғатқызы

Жарияланды 19 Қараша 2026 10:49

Шадияр Өстемір

Шадияр Өстемір

General news бөлімінің аға журналисі s.ostemir@kursiv.media
instagram.com/t_a_d_d_s_, бильд-редактор: Адэлина Мамедова

Айман Талғатқызы әлеуметтік желідегі парақшасында жариялаған стористеріне қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Kursiv.Media.

Ол жазбаларының мән-мәтінін ескермей, үзіндісін ғана жариялағандарға наразылығын білдірді.

Оның айтуынша, жазбалары белгілі бір адамға немесе нақты біреуге бағытталмаған. Ол өзіне жағымсыз пікір жазып, жеке өмірін талқылап жүрген адамдарға жауап бергенін жеткізді.

«Таң атпай неше түрлі нәрсе жазып тастапсыздар! Біріншіден, мен бұл стористерімді маған аузына келгенін құсып отырған адамдарға арнап жаздым. Оны анық жаздым. Мен ешкімге «сен сондайсың» деп нақты айтқан жоқпын. Ешкімді нысанаға алған жоқпын», – деп жазды ол.

Айман Талғатқызының сөзінше, оның ашуын тудырған жағдай – кейбір әйелдердің өзіне тиісіп, күйеуінің соңынан аңдып, әлеуметтік желіде жағымсыз пікірлер қалдыруы.

«Маған күйеуі бар бола тұра, менің байымның соңынан аңдып, жаман сөздер жазатын, мені қаралап жүрген қыздарға, «мен заңды әйелімін, сен сондайсың» деп шығатындарға, сондай-ақ ешқандай жетістігі де, мақсаты да жоқ, бар ойы біреудің жеке өмірін аңду болып кеткен адамдарға берген жауабым еді», – деді ол.

Сондай-ақ ол жарияланымдарының толық нұсқасын көрсетпей, тек бір бөлігін қиып алып, материал жасағандарға сауал тастады.

«Мұны келесі стористерімде де анық айтқанмын. Неге сөздің мән-мәтінін ескермей, толық стористерді салмай, тек бір жерін қиып алып, соны материал етіп отырсыздар? Менің ешкіммен жауласу ойым жоқ. Кімді қалай құрметтейтінімді де, өз орнымды да толық стористерімде жаздым», – деп түсіндірді ол.

Мұның алдында Айман Талғатқызы өзінің отбасылық мәртебесіне де тоқталып, ешқашан біреудің көңілдесі немесе тоқалы болмағанын мәлімдеген еді.

«Ешқашан ешкімнің көңілдесі де, тоқалы да болған емеспін. Бірінші күннен Алланың алдында мешітке барып некелескен, мұсылмандық, шариғат жолмен қиған некем бар. Менің де, оның да бір ғана некесі», – деп жазды ол.

Айта кететін жайт, Айман Талғатқызы TADDS брендімен әйелдерге арналған екілік тігіп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыз