
Әзілкеш Жахан Отарғалиев пен жұбайы Сейіт Ақтолқын сәбиінен айырылғанын хабарлады. Бұл туралы ерлі-зайыпты әлеуметтік желідегі парақшаларында жазды.
Бұған дейін Жахан Отарғалиев әйелі бала көтергенін айтып, көптен күткен қуанышты жаңалығымен бөліскен еді. Әзілкеш бұл сәтті 17 жыл күткенін жеткізген.
«Осы сәтті 17 жыл күттім. Екі ай өзімді шын бақытты сезіндім. Екі ай бойы үйге асығып жүрдім. Жүрегінің соғысын естіген кезде тіпті бақытты болдым. Біреуге айтқым келеді, көшеде көрген адамнан сүйінші сұрағым келеді. Бірақ ұзаққа созылмады. Сонда да Аллаға шүкір. Үмітімізді үзбейміз», – деп жазды ол.
Кейін жұбайы Сейіт Ақтолқын да отбасындағы жағдайға қатысты жазба жариялады. Оның айтуынша, сәбиінің жүрегі тоқтап қалған.
«Көбі Жахан жариялаған видеоны соңына дейін қарамай, құттықтауды бастап кетіпті. Өкінішке қарай, бәрі біз ойлағандай болмады. Сәбиіміздің жүрегі тоқтап қалды. Бірақ барлығы Алланың қалауымен. Бұйырса, әлі талай армандарымызға жетеміз, Алладан үмітіміз үзілмесін», – деп жазды ол.
Тағы да оқыңыз: Жахан Отарғалиев жарына жүрек тебірентер жазба қалдырды