
Қаңтардың басында 10 грамм алтынға 713 мың теңге жұмсаған адамның қолындағы алтын қазір 538 мың теңге тұрар еді. Ұлттық банктің дерегіне сүйенсек, 5 қаңтар мен 19 қараша аралығында алтынның теңгедегі бағасы 24,5%-ға төмендеді. 10 грамм алтынның құны осы аралықта 174,6 мың теңгеге кеміді.
Бір грамм алтын 17,5 мың теңгеге арзандады
5 қаңтарда бір грамм алтын 71 300,21 теңге тұрды. Қаңтарда баға әуелі өсіп, айдың 20-сында 76 435,14 теңгеге жетті. Ал 19 қарашада бір грамм алтынның құны 53 839,46 теңгеге түсті. Сөйтіп, қаңтардың басымен салыстырғанда бір грамм алтын 17 460,75 теңгеге арзандады.
| Алтын салмағы | 5 қаңтардағы құны | 19 қарашадағы құны | Құны қаншаға азайды |
|---|---|---|---|
| 5 грамм | 356 501,05 ₸ | 269 197,30 ₸ | 87 303,75 ₸ |
| 10 грамм | 713 002,10 ₸ | 538 394,60 ₸ | 174 607,50 ₸ |
| 20 грамм | 1 426 004,20 ₸ | 1 076 789,20 ₸ | 349 215,00 ₸ |
| 50 грамм | 3 565 010,50 ₸ | 2 691 973,00 ₸ | 873 037,50 ₸ |
| 100 грамм | 7 130 021,00 ₸ | 5 383 946,00 ₸ | 1 746 075,00 ₸ |
100 грамм алтынның құны 1,75 млн теңгеге азайды
Жыл басында шамамен 356,5 мың теңге тұрған 5 грамдық құйманың құны 19 қарашада 269,2 мың теңгеге дейін түсті. 50 грамм алтынның құны 873 мың теңгеге азайса, 100 грамм алтын 7,13 млн теңгеден 5,38 млн теңгеге дейін арзандады.