Жыл басында алтын алғандар қанша ұтылды

Жарияланды 19 Қараша 2026 15:15

Нұрсұлтан Ерболатұлы

Нұрсұлтан Ерболатұлы

Business news бөлімінің аға журналисі nursultankaseke@gmail.com
фото: NY

Қаңтардың басында 10 грамм алтынға 713 мың теңге жұмсаған адамның қолындағы алтын қазір 538 мың теңге тұрар еді. Ұлттық банктің дерегіне сүйенсек, 5 қаңтар мен 19 қараша аралығында алтынның теңгедегі бағасы 24,5%-ға төмендеді. 10 грамм алтынның құны осы аралықта 174,6 мың теңгеге кеміді.

Бір грамм алтын 17,5 мың теңгеге арзандады

5 қаңтарда бір грамм алтын 71 300,21 теңге тұрды. Қаңтарда баға әуелі өсіп, айдың 20-сында 76 435,14 теңгеге жетті. Ал 19 қарашада бір грамм алтынның құны 53 839,46 теңгеге түсті. Сөйтіп, қаңтардың басымен салыстырғанда бір грамм алтын 17 460,75 теңгеге арзандады.

Алтын салмағы5 қаңтардағы құны19 қарашадағы құныҚұны қаншаға азайды
5 грамм356 501,05 ₸269 197,30 ₸87 303,75 ₸
10 грамм713 002,10 ₸538 394,60 ₸174 607,50 ₸
20 грамм1 426 004,20 ₸1 076 789,20 ₸349 215,00 ₸
50 грамм3 565 010,50 ₸2 691 973,00 ₸873 037,50 ₸
100 грамм7 130 021,00 ₸5 383 946,00 ₸1 746 075,00 ₸

100 грамм алтынның құны 1,75 млн теңгеге азайды

Жыл басында шамамен 356,5 мың теңге тұрған 5 грамдық құйманың құны 19 қарашада 269,2 мың теңгеге дейін түсті. 50 грамм алтынның құны 873 мың теңгеге азайса, 100 грамм алтын 7,13 млн теңгеден 5,38 млн теңгеге дейін арзандады.

Сондай-ақ оқыңыз