«Заманback» комедиясы прокатта 2 млрд теңге жинады

Жарияланды 21 Қараша 2026 09:28

Айгерім Таубай

Айгерім Таубай

General news бөлімінің аға журналисі a.taubay@kursiv.media
Заманback
Кинодан скриншот

«Заманback 2» комедиясы Қазақстан киносының кассалық рекордын жаңартты. Фильм прокатта 2 млрд теңге жинады.

Мұны фильмге атсалысқан актерлер хабарлады.

«Заманback 2» фильмі қазақ кино тарихындағы алғашқы 2 000 000 000 кассаны жасады! Рахмет, көрермен», – деп мәлімдеді актерлер.

Бұған дейін 2026 жылы жарық көрген «Заманback 2» бұған дейін көш бастап тұрған «Таптым-ау сені» фильмін басып озды. 2023 жылы шыққан комедияның кассалық табысы 1 млрд 834 млн теңгені құраған. 

Сондай-ақ оқыңыз