«Өкпем тарқады»: хит әнді екі жілік етке жазған ақын Өмірқұл Айниязовпен татуласты

Жарияланды 20 Қараша 2026 16:36

Аягөз Құрмаш

Аягөз Құрмаш

a.kurmasheva@kursiv.media
Ақын Мөлдр Айтбай/ видеодан скрин

Ақын Мөлдір Айтбай әнші Өмірқұл Айниязовпен татуласқанын айтты.

«Өкпем тарқады. Ағаммен татуластым. Бір-бірімізді түсіндік. Нөсер басылды, бұлт ашылды, күн шықты»,- деп жазды ақын.

Ақынның жазбасына айтыскер ақын Жандарбек Бұлғақов «ет пісті деп аяқта» деп қалжыңдаған. Ал әншінің өзі бұл оқиғаға қатысты ешбір пікір айтпаған еді.

Осыған дейін ақын Өмірқұл Айниязовтың хит әнін екі жілік ет үшін жазып бергенін айтып, ренішін жеткізген еді.

Ол қазір шоу-бизнесте хитке айналып, сұранысқа ие болған «13-қабырғам» әні үшін кемінде гауһартас күткенін жеткізген. Алайда ол тек алтын жүзік алып, кейін әнші өзіне екі жілік етті ақшаға сатпақ болғанына дейін айтып берді. Мөлдір Айтбай сыйға берген жүзігін де қайтарып берген еді.

Сондай-ақ оқыңыз