Азамат Сатыбалды 28 жасында салған төрт қабатты үйін көрсетті (видео)

Жарияланды 22 Қараша 2026 12:34

Рауан Мутаир

Рауан Мутаир

General news бөлімінің журналисі r.mutairov@kursiv.media
Азамат Сатыбалды мен Назгүл Қарабалина / фото: instagram

Белгілі актер әрі продюсер Азамат Сатыбалды Еркебұлан Тоқтарды үйіне қонаққа шақырып, төрт қабатты зәулім баспанасын таныстырды.

Instagram парақшасында Сатыбалды бұл үйді жас кезінде өз күшімен тұрғызғанын және содан бері жөндеу жұмыстарын жаңартпағанын айтты.

«Мен мына үйді 28 жасымда өзім салдым. 30 жасымда кірдім. Содан бері осындамын, ештеңе өзгерткен жоқпын. Тәжірибе жоқ кезде қызығып көтере бергенбіз, сөйтіп төрт қабат болды, аумағы – 580 шаршы метр», – деді Азамат Сатыбалды.

Үйдің ішкі көрінісі мен ерекше жәдігерлер

Актер қонағына үйдің әр қабатын аралатып, жеке мұрағаты мен құнды заттарын көрсетті.

Классикалық стильде жабдықталған кең зал мен жатын бөлмелер бар. Үй иесінің айтуынша, жары Назгүл Қарабалина жиһаздарды жаңартуды ұсынғанымен, әке-шешесінің көзіндей болған дүниелерді сол қалпында сақтап қалған.

Төртінші қабатта актердің сахналық және кинодағы костюмдері жинақталған. Сондай-ақ мұнда Ахмет Байтұрсынұлы, Әлихан Бөкейхан, Міржақып Дулатұлы сынды Алаш зиялыларының портреттері сақталған. Азамат Сатыбалды бұл тұлғалардың суреттері өзіне үнемі рухани жауапкершілік жүктейтінін атап өтті.

Оқи отырыңыз: «Қазақфильмнен кетпегенімде қазір ауруханада жатар едім» – Азамат Сатыбалды

Сондай-ақ оқыңыз