
Актриса әрі продюсер Дариға Бадықова әлеуметтік желіде өзін сынаған психолог Шолпан Есмағанбетоваға жауап берді. Өнер иесі психологтың пікіріне ашуланып, алдағы уақытта оған қатысты мәселені назардан тыс қалдырмайтынын жеткізді.
«Кино бітсін ісім сенімен болсын! Сен кімсің? Қайдан шыққан бәлесің?! Өз ана тіліңде сөйлей алмайтын дүбәра. Менің жеке басыма тиісетін кімсің сен?» – деп жазды актриса.
Дариға Бадықова Instagram парақшасында жариялаған жазбасында психологқа қарата өткір пікір білдірді.
Бадықованың айтуынша, ол қазір қалаларды аралап, шығармашылық жұмысымен айналысып жүр. Алайда психологтың пікіріне жауап беруді жөн көрген.
«Қазір қалаларды аралап, қолым тимей жатыр. Сен сияқтылардың талайын көріп, көңілге алмаушы едім, ал мынауың шамыма тиді», – деді ол.
Сондай-ақ актриса психологты өзінің есебінен танымал болуға тырысты деп айыптады.
«Бізді төмендетіп, өзіңе хайп жасағың келді ме? Сен сияқты бақытсыз хайпажорға көрсетемін. Кино біткенше ісім сеніңмен болсын», – деп жазды Бадықова.
Жазбасының соңында актриса оқырмандарынан психологтың пікіріне қатысты ойын сұрады.
«Оған дейін сіздер не дейсіздер? Біздің не істеп жатқанымызды, сенің не істеп жүргеніңді көрермен айтсын! Киномыз шығар кезде бәрі шыққыз екен», – деді ол.
Дариға Бадықова жауап берген Шолпан Есмағанбетова өзін психолог ретінде таныстырады. Оның Instagram парақшасына 62 мыңнан астам адам жазылған.
Еске сала кетейік, жақында Дариға Бадықованың «Соңыра» фильмі кинопрокатқа шыққан еді.