Қытайдан 82 мың көлік келді. Қазақстан тағы қай елдерден көлік алды

Жарияланды 23 Қараша 2026 10:38

Нұрсұлтан Ерболатұлы

Нұрсұлтан Ерболатұлы

Business news бөлімінің аға журналисі nursultankaseke@gmail.com
фото: NY

Биыл қаңтар мен қыркүйек аралығында Қазақстан шетелден 125 144 көлік әкеліп, сыртқа 914 көлік жөнелтті. Импорттың құны 1,56 млрд долларға, экспорт 40 млн долларға жетті. Kursiv.Media Ұлттық статистика бюросының дерегіне сүйеніп, Қазақстан көлікті қай елдерден әкеліп, қай елдерге сатқанын зерттеді.

Қазақстан ең көп көлікті Қытайдан әкелді

Тоғыз айда Қытайдан 81,9 мың көлік әкелінді. Бұл Қазақстанға импортталған көліктің үштен екісіне жуық. Ақшалай есепте Қытайдың үлесі 44,4% болды. Қазақстан бұл елден 691,2 млн доллардың көлігін әкелді.

Жеңіл автокөлік импорты

Қазақстан · 2026 жылғы қаңтар–қыркүйек · ЕАЭО СЭҚ ТН 8703

Көлік саны125 144 дана
Жалпы құны1,56 млрд доллар

Айлар бойынша сауда құны

Қаңтар150,42 млн доллар
Ақпан150,75 млн доллар
Наурыз175,27 млн доллар
Сәуір181,54 млн доллар
Мамыр154,13 млн доллар
Маусым186,44 млн доллар
Шілде182,42 млн доллар
Тамыз235,44 млн доллар
Қыркүйек140,80 млн доллар

Қазақстан көлікті қай елдерден әкелді?

Сауда құны бойынша алғашқы бес ел

Қытай691,22 млн доллар · 81 906 дана
Жапония401,35 млн доллар · 12 644 дана
АҚШ171,31 млн доллар · 13 941 дана
Германия124,04 млн доллар · 4 179 дана
Вьетнам43,85 млн доллар · 2 088 дана

8703 тобына жеңіл автокөліктермен бірге жолаушы тасымалдауға арналған кейбір өзге көлік түрлері де кіреді.

Дереккөз — Ұлттық статистика бюросы

АҚШ пен Жапониядан келген көлік саны шамалас. АҚШ-тан 13,9 мың, Жапониядан 12,6 мың көлік әкелінген. Бірақ Жапониядан жеткізілген көліктердің құны 401,4 млн долларға жетті. Бұл АҚШ-тан әкелінген көліктердің жалпы құнынан 2,3 есе көп.

Көлік импортының құны тамызда 235,4 млн долларға жетіп, тоғыз айдағы ең жоғары көрсеткішті тіркеді. Бір айдан кейін ол 140,8 млн долларға түсті. Қыркүйек тоғыз айдағы импорт құны ең төмен ай болды.

Жеңіл автокөлік экспорты

Қазақстан · 2026 жылғы қаңтар–қыркүйек · ЕАЭО СЭҚ ТН 8703

Көлік саны914 дана
Жалпы құны40,00 млн доллар

Айлар бойынша сауда құны

Қаңтар3,87 млн доллар
Ақпан3,22 млн доллар
Наурыз4,70 млн доллар
Сәуір4,20 млн доллар
Мамыр3,98 млн доллар
Маусым4,28 млн доллар
Шілде4,56 млн доллар
Тамыз5,11 млн доллар
Қыркүйек6,08 млн доллар

Қазақстан көлікті қай елдерге жөнелтті?

Сауда құны бойынша алғашқы бес ел

Қырғызстан16,30 млн доллар · 261 дана
Тәжікстан15,76 млн доллар · 321 дана
Ресей2,66 млн доллар · 144 дана
Өзбекстан1,19 млн доллар · 31 дана
Түркия1,19 млн доллар · 15 дана

8703 тобына жеңіл автокөліктермен бірге жолаушы тасымалдауға арналған кейбір өзге көлік түрлері де кіреді.

Дереккөз — Ұлттық статистика бюросы

Тәжікстанға көбірек көлік кетті, Қырғызстан құн жағынан алда

Қазақстаннан экспортталған көліктің 64%-ға жуығы екі елге жөнелтілді. Тәжікстанға 321 көлік, Қырғызстанға 261 көлік кетті. Ақшалай есепте Қырғызстан алға шықты. Бұл елге жөнелтілген көліктердің құны 16,3 млн доллар, Тәжікстанға жеткізілген көліктердің құны 15,8 млн доллар болды. Көлік саны бойынша үшінші орында 144 көлік жөнелтілген Ресей тұр.

Сондай-ақ оқыңыз