
Биыл қаңтар мен қыркүйек аралығында Қазақстан шетелден 125 144 көлік әкеліп, сыртқа 914 көлік жөнелтті. Импорттың құны 1,56 млрд долларға, экспорт 40 млн долларға жетті. Kursiv.Media Ұлттық статистика бюросының дерегіне сүйеніп, Қазақстан көлікті қай елдерден әкеліп, қай елдерге сатқанын зерттеді.
Қазақстан ең көп көлікті Қытайдан әкелді
Тоғыз айда Қытайдан 81,9 мың көлік әкелінді. Бұл Қазақстанға импортталған көліктің үштен екісіне жуық. Ақшалай есепте Қытайдың үлесі 44,4% болды. Қазақстан бұл елден 691,2 млн доллардың көлігін әкелді.
Жеңіл автокөлік импорты
Қазақстан · 2026 жылғы қаңтар–қыркүйек · ЕАЭО СЭҚ ТН 8703
Айлар бойынша сауда құны
Қазақстан көлікті қай елдерден әкелді?
Сауда құны бойынша алғашқы бес ел
8703 тобына жеңіл автокөліктермен бірге жолаушы тасымалдауға арналған кейбір өзге көлік түрлері де кіреді.
Дереккөз — Ұлттық статистика бюросы
АҚШ пен Жапониядан келген көлік саны шамалас. АҚШ-тан 13,9 мың, Жапониядан 12,6 мың көлік әкелінген. Бірақ Жапониядан жеткізілген көліктердің құны 401,4 млн долларға жетті. Бұл АҚШ-тан әкелінген көліктердің жалпы құнынан 2,3 есе көп.
Көлік импортының құны тамызда 235,4 млн долларға жетіп, тоғыз айдағы ең жоғары көрсеткішті тіркеді. Бір айдан кейін ол 140,8 млн долларға түсті. Қыркүйек тоғыз айдағы импорт құны ең төмен ай болды.
Жеңіл автокөлік экспорты
Қазақстан · 2026 жылғы қаңтар–қыркүйек · ЕАЭО СЭҚ ТН 8703
Айлар бойынша сауда құны
Қазақстан көлікті қай елдерге жөнелтті?
Сауда құны бойынша алғашқы бес ел
8703 тобына жеңіл автокөліктермен бірге жолаушы тасымалдауға арналған кейбір өзге көлік түрлері де кіреді.
Дереккөз — Ұлттық статистика бюросы
Тәжікстанға көбірек көлік кетті, Қырғызстан құн жағынан алда
Қазақстаннан экспортталған көліктің 64%-ға жуығы екі елге жөнелтілді. Тәжікстанға 321 көлік, Қырғызстанға 261 көлік кетті. Ақшалай есепте Қырғызстан алға шықты. Бұл елге жөнелтілген көліктердің құны 16,3 млн доллар, Тәжікстанға жеткізілген көліктердің құны 15,8 млн доллар болды. Көлік саны бойынша үшінші орында 144 көлік жөнелтілген Ресей тұр.