Толқын Забирова келінінің биязы мінезіне тәнті болды

Жарияланды 23 Қараша 2026 10:27

Шадияр Өстемір

Шадияр Өстемір

General news бөлімінің аға журналисі s.ostemir@kursiv.media
instagram.com/tolkynzabirova, бильд-редактор: Дастан Шанай

Толқын Забирова табалдырығын жаңа аттаған келінінің тәрбиесіне риза екенін айтты.

Әнші келінін сыпайы, биязы, қазақи мінезді, әдемі қыз деп сипаттап берді. Толқын Забирова оны өз қызындай көруге әзір екенін тұспалдады. «Қызды болып жатырмын», – деп қуанды Толқын Забирова.

«Біздің отбасымызда болып жатқан қуанышты жағдайды желі арқылы сіздермен бөліскен болатынмын. Әрине, мен үшін бұл – толқынысқа толы, ерекше сәттің бірі. Өйткені, ана болу, баланы өсіріп, осы деңгейге жеткізіп, өзінің теңін тауып, шаңырақ көтеріп жатса, кез келген ата-ана қобалжиды. Сондықтан мен ана ретінде бақыттымын», – деді әнші.

Айта кететін жайт, Толқын Забирова Алматыда Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында КСРО халық әртісі, «Қазақтың бұлбұлы» атанған Бибігүл Төлегенованың жас өнерпаздармен кездескені туралы пікір білдірген еді.  

Сондай-ақ оқыңыз