
23 қараша дүйсенбіде АҚШ қор нарығы өткен аптадағы құлдыраудан кейін қайта көтерілді. S&P 500 индексі 4,73% өсіп, 7 237,17 тармақпен жабылса, Nasdaq Composite 6,51% қымбаттап, 24 089,56 тармаққа жетті.
Дженсен Хуанг қайта оралғаннан кейін Nvidia акциялары 31%-ға қымбаттады. Дүйсенбінің басты жаңалығы – Хаунгтің қайта оралуы. Компанияның күрт өсімі технологиялық секторға серпін беріп, АҚШ-тың негізгі қор индекстерінің көтерілуіне ықпал етті. Компания акциясы 31,48%, Micron Technology 19,04%, Tesla 11,46% қымбаттады.
НАРЫҚ ДАЙДЖЕСТІ
Қор нарығы · KASE акциялары
Air Astana
+0,7%
Банк ЦентрКредит
−1,7%
Halyk Bank
−0,8%
Kcell
+0,2%
Кегок
+0,5%
ҚазМұнайГаз
−0,2%
Kaspi.kz
−2,1%
Қазатомөнеркәсіп
+0,9%
Қазақтелеком
−0,3%
ҚазТрансОйл
+0,4%
Дереккөз: KASE, Kapital.kz, Portfolio Terminal, Reuters, Investing News Network. 23.11.2026. Bitcoin — 10:00 UTC кезіндегі баға, тәуліктік жабылу емес.
ДҮЙСЕНБІНІҢ НЕГІЗГІ 10 ЖАҢАЛЫҒЫ
185,5 млрд теңге жеке басқаруға берілді
Жинақтың үштен екісіне жуығы Halyk Finance пен Сентрас Секьюритизге аударылған.
ОҚЫҢЫЗ ↗Цифрлық активтер кепілімен несие берілуі мүмкін
Қазақстанда орталықсыздандырылған қаржы нарығын дамыту мәселесі қарастырылып жатыр.
ОҚЫҢЫЗ ↗Мұнай 91 доллардан төмендеді
Brent пен WTI бағасының төмендеуі туралы нарық шолуы жарияланды.
ОҚЫҢЫЗ ↗Доллардың ресми бағамы 455,12 теңге
24 қарашаға арналған ресми бағам жарияланды.
ОҚЫҢЫЗ ↗Тауар сатуға бақылау күшейеді
Желтоқсаннан бастап бірқатар тауарға қатысты бақылау тәртібі өзгереді.
ОҚЫҢЫЗ ↗Тоқаев жаңа жарлыққа қол қойды
Президент халықтық цифрлық экономиканы дамыту туралы жарлық қабылдады.
ОҚЫҢЫЗ ↗Жәрдемақы беру тәртібі
2027 жылдан бастап жәрдемақы тағайындауда қаржылық деректерді тексеру мәселесі қарастырылған.
ОҚЫҢЫЗ ↗191,3 млн теңге бюджетке қайтарылды
Прокуратура Күйік асуындағы жол жөндеу сметасынан негізсіз қымбаттатуды анықтады.
ОҚЫҢЫЗ ↗Шекара бекеті уақытша жабылады
Сыпатай батыр бекетіндегі құрылысқа байланысты көлік қозғалысы 2027 жылдың соңына дейін шектеледі.
ОҚЫҢЫЗ ↗SCAT билет бағасына жеңілдік ұсынады
27–29 қарашада халықаралық рейстерге 20%, ішкі рейстерге 10% жеңілдік қарастырылған.
ОҚЫҢЫЗ ↗Теңге аздап нығайды
23 қарашада Қазақстан қор биржасындағы кешкі сауда қорытындысында доллардың орташа бағамы 455,09 теңгені құрады. Бұл алдыңғы сауда күнінен 23 тиынға төмен. Осылайша теңге АҚШ долларына қатысты аздап нығайды.
Ұлттық банк 24 қарашаға доллардың ресми бағамын 455,12 теңге деңгейінде белгіледі.
KASE индексі төмендеуін жалғастырды
Қазақстан қор биржасының индексі 0,39% төмендеп, 7 749,11 тармақпен жабылды. Индекс құрамындағы он компанияның бесеуінің акциясы қымбаттап, бесеуі арзандады.
Өскендер. Қазатомөнеркәсіп (KZAP) акциясы 0,9%, Air Astana (AIRA) 0,7%, Кегок (KEGC) 0,5% қымбаттады.
Төмендегендер. Kaspi.kz (KSPI) акциясы 2,1% арзандап, 39 144,17 теңгеге түсті. Банк ЦентрКредит (CCBN) 1,7%, Halyk Bank (HSBK) 0,8% арзандады.
Bitcoin 61 мың доллардан асты
Дүйсенбіде Bitcoin бағасы 61 346,99 долларға жетті. Сағат 10:00 UTC кезіндегі дерек бойынша криптовалюта соңғы 24 сағатта 0,6% қымбаттаған.
Алтын қайта қымбаттады
АҚШ-та алтын фьючерсінің бір трой унциясы 4% қымбаттап, 3 653,70 долларға жетті. Өткен аптада алтынның күрт арзандауынан кейін инвесторлар оны қайта сатып ала бастады.
Мұнай үш айдағы ең төменгі деңгейге түсті
Brent маркалы мұнайдың баррелі 3,46% арзандап, 89,37 доллар болды. WTI мұнайы 3,88% төмендеп, 80,17 долларға түсті.
Таяу Шығыстан мұнай жеткізу көлемінің артуы және Ливиядағы мұнай құбырының қайта іске қосылуы бағаның төмендеуіне әсер етті