Таңғы дайджест: Хуанг оралған соң Nvidia 31%-ға өсіп, Уолл-стритке серпін берді

Жарияланды 24 Қараша 2026 07:19

Нұрсұлтан Ерболатұлы

Нұрсұлтан Ерболатұлы

Business news бөлімінің аға журналисі nursultankaseke@gmail.com
фото: NY

23 қараша дүйсенбіде АҚШ қор нарығы өткен аптадағы құлдыраудан кейін қайта көтерілді. S&P 500 индексі 4,73% өсіп, 7 237,17 тармақпен жабылса, Nasdaq Composite 6,51% қымбаттап, 24 089,56 тармаққа жетті.

Дженсен Хуанг қайта оралғаннан кейін Nvidia акциялары 31%-ға қымбаттады. Дүйсенбінің басты жаңалығы – Хаунгтің қайта оралуы. Компанияның күрт өсімі технологиялық секторға серпін беріп, АҚШ-тың негізгі қор индекстерінің көтерілуіне ықпал етті. Компания акциясы 31,48%, Micron Technology 19,04%, Tesla 11,46% қымбаттады.

23 ҚАРАША 2026 · САУДА ҚОРЫТЫНДЫСЫ

НАРЫҚ ДАЙДЖЕСТІ

USD/KZT · 17:00455,09 ₸−0,23 ₸
KASE индексі7 749,11−0,39%
S&P 5007 237,17+4,73%
Nasdaq Composite24 089,56+6,51%
Алтын · АҚШ фьючерсі$3 653,70+4,0%
Brent$89,37−3,46%
Bitcoin · 10:00 UTC$61 346,99+0,6% · 24 сағат

Қор нарығы · KASE акциялары

Air Astana
AIRA
Air Astana
693,24 ₸
+0,7%
Банк ЦентрКредит
CCBN
Банк ЦентрКредит
5 500,00 ₸
−1,7%
Halyk Bank
HSBK
Halyk Bank
364,97 ₸
−0,8%
Kcell
KCEL
Kcell
3 195,90 ₸
+0,2%
Кегок
KEGC
Кегок
1 488,00 ₸
+0,5%
ҚазМұнайГаз
KMGZ
ҚазМұнайГаз
35 925,00 ₸
−0,2%
Kaspi.kz
KSPI
Kaspi.kz
39 144,17 ₸
−2,1%
Қазатомөнеркәсіп
KZAP
Қазатомөнеркәсіп
26 125,00 ₸
+0,9%
Қазақтелеком
KZTK
Қазақтелеком
44 800,01 ₸
−0,3%
ҚазТрансОйл
KZTO
ҚазТрансОйл
1 359,00 ₸
+0,4%

Дереккөз: KASE, Kapital.kz, Portfolio Terminal, Reuters, Investing News Network. 23.11.2026. Bitcoin — 10:00 UTC кезіндегі баға, тәуліктік жабылу емес.

23 ҚАРАША 2026

ДҮЙСЕНБІНІҢ НЕГІЗГІ 10 ЖАҢАЛЫҒЫ

01 · ЗЕЙНЕТАҚЫ

185,5 млрд теңге жеке басқаруға берілді

Жинақтың үштен екісіне жуығы Halyk Finance пен Сентрас Секьюритизге аударылған.

ОҚЫҢЫЗ ↗
02 · ҚАРЖЫ

Цифрлық активтер кепілімен несие берілуі мүмкін

Қазақстанда орталықсыздандырылған қаржы нарығын дамыту мәселесі қарастырылып жатыр.

ОҚЫҢЫЗ ↗
03 · МҰНАЙ

Мұнай 91 доллардан төмендеді

Brent пен WTI бағасының төмендеуі туралы нарық шолуы жарияланды.

ОҚЫҢЫЗ ↗
04 · ВАЛЮТА

Доллардың ресми бағамы 455,12 теңге

24 қарашаға арналған ресми бағам жарияланды.

ОҚЫҢЫЗ ↗
05 · САУДА

Тауар сатуға бақылау күшейеді

Желтоқсаннан бастап бірқатар тауарға қатысты бақылау тәртібі өзгереді.

ОҚЫҢЫЗ ↗
06 · ЦИФРЛЫҚ ЭКОНОМИКА

Тоқаев жаңа жарлыққа қол қойды

Президент халықтық цифрлық экономиканы дамыту туралы жарлық қабылдады.

ОҚЫҢЫЗ ↗
07 · ӘЛЕУМЕТТІК ТӨЛЕМ

Жәрдемақы беру тәртібі

2027 жылдан бастап жәрдемақы тағайындауда қаржылық деректерді тексеру мәселесі қарастырылған.

ОҚЫҢЫЗ ↗
08 · БЮДЖЕТ

191,3 млн теңге бюджетке қайтарылды

Прокуратура Күйік асуындағы жол жөндеу сметасынан негізсіз қымбаттатуды анықтады.

ОҚЫҢЫЗ ↗
09 · ЛОГИСТИКА

Шекара бекеті уақытша жабылады

Сыпатай батыр бекетіндегі құрылысқа байланысты көлік қозғалысы 2027 жылдың соңына дейін шектеледі.

ОҚЫҢЫЗ ↗
10 · ӘУЕ ТАСЫМАЛЫ

SCAT билет бағасына жеңілдік ұсынады

27–29 қарашада халықаралық рейстерге 20%, ішкі рейстерге 10% жеңілдік қарастырылған.

ОҚЫҢЫЗ ↗

Теңге аздап нығайды

23 қарашада Қазақстан қор биржасындағы кешкі сауда қорытындысында доллардың орташа бағамы 455,09 теңгені құрады. Бұл алдыңғы сауда күнінен 23 тиынға төмен. Осылайша теңге АҚШ долларына қатысты аздап нығайды.

Ұлттық банк 24 қарашаға доллардың ресми бағамын 455,12 теңге деңгейінде белгіледі.

KASE индексі төмендеуін жалғастырды

Қазақстан қор биржасының индексі 0,39% төмендеп, 7 749,11 тармақпен жабылды. Индекс құрамындағы он компанияның бесеуінің акциясы қымбаттап, бесеуі арзандады.

Өскендер. Қазатомөнеркәсіп (KZAP) акциясы 0,9%, Air Astana (AIRA) 0,7%, Кегок (KEGC) 0,5% қымбаттады.

Төмендегендер. Kaspi.kz (KSPI) акциясы 2,1% арзандап, 39 144,17 теңгеге түсті. Банк ЦентрКредит (CCBN) 1,7%, Halyk Bank (HSBK) 0,8% арзандады.

Bitcoin 61 мың доллардан асты

Дүйсенбіде Bitcoin бағасы 61 346,99 долларға жетті. Сағат 10:00 UTC кезіндегі дерек бойынша криптовалюта соңғы 24 сағатта 0,6% қымбаттаған.

Алтын қайта қымбаттады

АҚШ-та алтын фьючерсінің бір трой унциясы 4% қымбаттап, 3 653,70 долларға жетті. Өткен аптада алтынның күрт арзандауынан кейін инвесторлар оны қайта сатып ала бастады.

Мұнай үш айдағы ең төменгі деңгейге түсті

Brent маркалы мұнайдың баррелі 3,46% арзандап, 89,37 доллар болды. WTI мұнайы 3,88% төмендеп, 80,17 долларға түсті.

Таяу Шығыстан мұнай жеткізу көлемінің артуы және Ливиядағы мұнай құбырының қайта іске қосылуы бағаның төмендеуіне әсер етті

Сондай-ақ оқыңыз