Мөлдір Мұқанова Тұрсынбек Қабатов туралы: «Мен ондай кісіні танымаймын»

Жарияланды 24 Қараша 2026 10:24

Шадияр Өстемір

Шадияр Өстемір

General news бөлімінің аға журналисі s.ostemir@kursiv.media
коллаж kursiv.media, бильд-редактор: Адэлина Мамедова

Мөлдір Мұқанова бұрынғы күйеуі Тұрсынбек Қабатов деген адамды танымайтынын айтып, шорт кесті.

Журналистердің әзілкеш туралы сауалына Мөлдір Мұқанова «Мен ондай кісіні танымаймын» деп жауап берген.

«Жаңа әндер шығарып жатырмыз. Кино түсіргім келеді. Жақсы сценарий қарастырып жүрмін. Бірақ әлі толық дайын емеспін. Кіріскен жоқпын. Қызыма продюсермін. Екінші қызым Айым өнерге толықтай бет бұрды. Әншілік, актрисалық жағынан», – деді продюсер алдағы жоспары туралы бөлісіп.

Журналист Тұрсынбек Қабатов туралы сауал қоя бастаған кезде, жұлып алғандай: «Ондай кісіні танымаймын» деп бұрылып кетіп қалды.

«Ол тақырып маған мүлде қызық емес, оны өзінен сұрасаңызшы», – деді жүріп бара жатып. Ол әнді біреуге бірдеңе дәлелдеуі үшін емес, жанының қалауымен айтып жүргенін жеткізді.

Оқырмандар Мөлдір Мұқановаға қолдау білдіріп жатыр. «Дұрыс танымайды. Өмірін ойыншық қылған адамды не үшін тануы керек?», – деп жазып жатыр.

Мұның алдында продюсер 11 млн тұратын алқасын көрсеткен болатын.

Сондай-ақ оқыңыз