Валюта нарығында доллар күрт қымбаттап, 460 теңгеге жетті

Жарияланды 24 Қараша 2026 14:33

Нұрсұлтан Ерболатұлы

Нұрсұлтан Ерболатұлы

Business news бөлімінің аға журналисі nursultankaseke@gmail.com
фото: NY

24 қарашада сағат 14:14-те валюта нарығында доллардың нарықтағы бағасы 458 теңге болды. Таңғы саудада АҚШ валютасы 460 теңгеге дейін қымбаттаған еді.

Сейсенбіде, 17 қарашада, доллардың ресми бағамы 444,40 теңге еді. Жұма күні ол 448,72 теңгеге жетіп, сенбіден дүйсенбіге дейін 455 теңге болды. 24 қарашадағы ресми бағаммен есептегенде, доллар бір аптада 10,72 теңгеге немесе 2,4%-ға қымбаттады.

Ал бүгінгі сағат 14:14-тегі 458 теңгелік нарықтық бағамды өткен сейсенбідегі ресми бағаммен салыстырсақ, айырма 13,60 теңге немесе 3,1% болды.

Қаржыгерлер кешегі сауданы қалай түсіндірді?

Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы (AFK) 23 қарашадағы валюта нарығына негізінен ішкі факторлар әсер етті деп есептейді. Қауымдастықтың бағалауынша, тоқсандық салық төлемдері қызатын кезең жақындағандықтан, экспорттаушылар теңгемен салық төлеу үшін шетел валютасын көбірек сатқан болуы мүмкін. AFK пікірінше, мұнай арзандап, доллар әлемдік нарықта нығайған кезде валюта ұсынысының артуы теңгеге демеу болған болуы ықтимал.

Сондай-ақ оқыңыз