
Димаштың жанкүйерлері сүйікті әншісінің денсаулығына алаңдап, сақтық шараларын күшейтуді талап етті.
Бұған 20 қарашада Мехико қаласында өткен концерт кезінде бір қыздың әншінің ернінен сүйгені түрткі болған.
«Димашты сүймеңіз! Димаш сізге бұған рұқсат берген жоқ. Өзіңіздің деніңіз сау ма, жоқ па – оны білмейсіз. Ал ол өз дауысымен өмір сүреді. Рұқсатсыз жасалған бір ғана сүйіс оның денсаулығына қауіп төндіріп, концертінің өтпей қалуына, дауысынан айырылуына себеп болуы мүмкін», – деп жазды шетелдік фанаттардың бірі.

Оның пікірінше, махаббат деген – біреуді күштеп құшақтап, сүйе беру емес, аялай білу, қорғау және құрметтеу.
Бұл бастаманы қазақстандықтар да қос қолдап қолдап отыр. Ата-анасы мен биліктен Димашты ерекше қорғауға алуға шақырды.
«Димашты құрметтеңіздер! Қанат, Света! Димаш — елдің азаматы, елдің баласы! Сендер жауапсыздық танытып жүрсіңдер ме?! Оны сақтау керек! Зорлық көрсетпеңдер!!! Адам терісін жамылған жын-перілерді, вампирлерді оған мүлдем жақындатпаңдар!» – деп ашу шақырғандар да бар.
Айта кететін жайт, Димаш Құдайбергенді Колумбияда жанкүйерлері ерекше ықыласпен қарсы алды.