
Қазақстандық блогер, актриса Сабина Мовлаева көшедегі бейтаныс адамдардың кредитін жауып берді.
Ол жүрегінің қалауымен, адамдарға жақсылық жасауды ұйғарған.

«Ата-апалардың батасын алдым. Бүгін тағы да бір жақсылық жасағым келіп тұр. Жұмыстан шықтым, түсірілімнен шықтым. Енді кредит жапқым келіп тұр. Бірнеше адамның. Шынымен де қуантқым келіп тұр», – деді Сабина.
Содан кейін көшедегі бір ер адамға келіп амандасып, шүйіркелесе кетті. Алдымен жөн сұрасты.
Ер адам қала тазалығымен айналысатынын айтты. Сабина ол кісінің бір айлық кредитін жауап беруге өтініш жасады. Ер адамның бір айда төлейтін қарызы 41 мың теңге екен. Сабина осыншама ақша жіберген кезде, ер адам шынымен қуанып, алғысын жаудырды.
Содан кейін әнші жанармай құю бекетінің қызметкері – әйел адамның 131 мың теңге кредитін жауып берді.
«Бүгін адамдарды қуантып, қарыздарын жауып бердім. Олардың эмоциясын көріп, өзім де қатты әсер алдым», – деді Сабина.
Айта кететін жайт, Сабина Мовлаева мұның алдында Димаш Құдайбергенмен кездескенін айтқан еді.