Роза Әлқожа неге Әділ Өтемісовпен бірге Таиландта демалып қайтқанын түсіндірді

Жарияланды 25 Қараша 2026 15:10

Шадияр Өстемір

Шадияр Өстемір

General news бөлімінің аға журналисі s.ostemir@kursiv.media
фото: Instagram

Роза Әлқожа директоры Әділ Өтемісовпен неге Таиландта бірге демалып қайтқанын түсіндірді.

Оның айтуынша, шетелге бірге демалып қайтатын құрбылары жоқ. Сондықтан ұдайы бірге жүретін Әділ Өтемісовті таңдаған.

«Ұшаққа мініп алып, отырмыз енді. Жанталасып, әуежайға келдік. Арасында шай ішіп те алдық. Айтпақшы, сені көбірек түсірейінші. Жаңалықта жүр екенбіз. Негізі, ылғи бірге жүреміз. Қазақстанның концерті, тойы, мерекелерінде. Шетелге де бірге бардық. Менің «кеттік, Тайландқа!» деген кезде, бара қалатын құрбым жоқ екен», – деді Роза Әлқожа.  

«Екеуміз елге қызық екен, ал әңгіме айтайық. Біз болмасақ, жаңалық та жоқ екен ғой, Қазақстанда» деп жазды әнші.

Айта кететін жайт, кейбір басылымдар Роза Әлқожаның өзінің күйеуімен емес, бөтен ер азаматпен шетелде демалып жүргені туралы ақпарат таратқан болатын.

Айта кететін жат, әнші шетелден демалыстан келген соң іле-шала су жаңа Land-Cruiser-300 көлігін тізгіндеді.

Сондай-ақ оқыңыз