
Азамат Сатыбалдының жары, актриса, режиссер Назгүл Қарабалина күйеуінің еркеліктері туралы баяндап берді.
Оның айтуынша, актер бір әулеттің кенжесі. Ерке өскен. Отбасы түгелдей Азаматтың көңіл-күйіне бейімделіп құрылған.
«Әңгіме бар» подкастында журналист Айнұр Асанбердіге берген сұхбатында актриса Азамат Сатыбалдының еркеліктерінің шыңы деп білетін бір оқиғаны баяндап берді.
«Ол қалада шаруаларымен жүр. Мен офисте жұмыстамын. Ол маған Назгүл деп айтпайды. Назгүл десе, бірдеңе болып қалғаны. Қоңырау шалып, «Назгүл» дегенде шошып кеттім. «Мен мына Есентай ситидемін. Мына шлагбаум неге ашылмайды?» – деп айғайға басты. Сосын мен «Азем, Есентай сити болса, ол жерде Каспийдің емес, Халық банкінің терминалы тұр. Соған QR-мен төлейсің», – деп түсіндірдім. «Мен жүрейін сол, QR-ді тақап… Аш мынаны бірдеңе етіп», – деп ашу шақырды», – деді Азаматтың жары.
Назгүл Қарабалинаның айтуынша, Азамат бұрын ұдайы жеке жүргізушісімен жүрген еді. Бұл жүргізушісіз жүрген кезі екен.
«Мен Халық банк қосымшасы арқылы төлеп, ашып бердім. Шлагбаумның ашылғанын сұрағанымда: «Иә, ашылды. Рахмет» деп өктем үнмен қысқа қайырды. Шлагбауымның ашылмағанына маған жүйкесі жұқарып отыр. Қасымдағылар түсінбей: «Не болып жатыр?» деп сұрайды. «Солай енді, не істеймін» дедім», –– деп күлді Назгүл Қарабалина.
Актрисаның айтуынша, мұндай еркеліктері оған ұнайды. Ұнамаса, қазір бірге болмас еді.
Айта кететін жайт, Азамат Сатыбалды Еркебұлан Тоқтарға өміріндегі ең үлкен жетістігін көрсеткен еді.