Қазақстан 167 млн доллардың шоколады мен тәттісін экспорттады

Жарияланды
Business news бөлімінің аға журналисі
фото: NY

Қазақстан 2026 жылдың алғашқы тоғыз айында шетелге 167 млн АҚШ долларының шоколад, какаолы өнімдері мен қантты тәттілерін сатты. Оның төрттен үші шоколад пен құрамында какао бар өнімдерге тиесілі. Екі санатта да ең ірі сатып алушы – Ресей. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросының дерегінде көрсетілген.

Қазақстанның шоколадын кім көп сатып алады?

Қаңтар–қыркүйекте Қазақстан 21,1 мың тонна шоколад пен какаолы өнімді 125,43 млн долларға экспорттады. Ең көп өнім Ресейге жөнелтілді. Бұл елге 45,14 млн доллардың өнімі сатылды. Шоколад пен какаолы өнімдер экспортының 36%-ы осы нарыққа тиесілі.

Қазақстан тәттілерді қай елдерге экспорттайды?

2026 жылғы қаңтар–қыркүйек

Шоколад және какаолы дайын өнімдер
125,43 млн $
21 142,3 т18 ел
01
Ресей
45,14 млн $6 955,0 т · 36,0%
02
Өзбекстан
36,17 млн $6 398,0 т · 28,8%
03
Қырғызстан
11,30 млн $2 560,3 т · 9,0%
04
Әзірбайжан
10,87 млн $1 717,7 т · 8,7%
05
Қытай
5,59 млн $1 143,3 т · 4,5%
Қалған 13 ел
06
Беларусь
5,45 млн $648,4 т · 4,3%
07
Тәжікстан
5,16 млн $809,5 т · 4,1%
08
Моңғолия
2,66 млн $401,5 т · 2,1%
09
Түркіменстан
2,16 млн $331,3 т · 1,7%
10
Германия
610,54 мың $118,1 т · 0,5%
11
Латвия
96,44 мың $16,1 т · <0,1%
12
Грузия
78,76 мың $16,0 т · <0,1%
13
Украина
46,46 мың $8,9 т · <0,1%
14
Оңтүстік Корея
39,85 мың $5,6 т · <0,1%
15
Армения
24,74 мың $10,2 т · <0,1%
16
Түркия
16,57 мың $936,0 кг · <0,1%
17
Ауғанстан
7,79 мың $1,3 т · <0,1%
18
Біріккен Араб Әмірліктері
3,04 мың $102,0 кг · <0,1%
СЭҚ ТН · 1806
Какаосыз қантты кондитерлік өнімдер
41,57 млн $
20 123,6 т19 ел
01
Ресей
21,78 млн $11 112,3 т · 52,4%
02
Қырғызстан
7,78 млн $4 494,8 т · 18,7%
03
Беларусь
4,28 млн $580,5 т · 10,3%
04
Өзбекстан
3,87 млн $2 419,6 т · 9,3%
05
Тәжікстан
1,57 млн $529,6 т · 3,8%
Қалған 14 ел
06
Әзірбайжан
752,35 мың $214,8 т · 1,8%
07
Моңғолия
392,31 мың $179,3 т · 0,9%
08
Қытай
315,30 мың $192,9 т · 0,8%
09
Ауғанстан
227,94 мың $74,7 т · 0,5%
10
Украина
133,84 мың $88,8 т · 0,3%
11
Германия
133,59 мың $54,4 т · 0,3%
12
Түркіменстан
126,85 мың $56,4 т · 0,3%
13
Армения
88,37 мың $57,2 т · 0,2%
14
Грузия
51,80 мың $38,3 т · 0,1%
15
Латвия
31,09 мың $16,7 т · <0,1%
16
Түркия
17,50 мың $7,0 т · <0,1%
17
Оңтүстік Корея
9,51 мың $4,4 т · <0,1%
18
Канада
4,61 мың $2,0 т · <0,1%
19
Біріккен Араб Әмірліктері
0,02 мың $4,0 кг · <0,1%
СЭҚ ТН · 1704
Какаосыз кәмпит карамелі мен ирис
25,24 млн $
12 309,2 т17 ел
01
Ресей
15,72 млн $8 634,5 т · 62,3%
02
Беларусь
4,26 млн $575,5 т · 16,9%
03
Өзбекстан
2,33 млн $1 506,8 т · 9,2%
04
Қырғызстан
1,76 млн $889,0 т · 7,0%
05
Моңғолия
236,66 мың $144,8 т · 0,9%
Қалған 12 ел
06
Тәжікстан
195,86 мың $109,6 т · 0,8%
07
Қытай
182,60 мың $121,1 т · 0,7%
08
Әзірбайжан
149,41 мың $68,9 т · 0,6%
09
Украина
116,64 мың $81,2 т · 0,5%
10
Армения
85,78 мың $56,1 т · 0,3%
11
Германия
79,54 мың $36,6 т · 0,3%
12
Грузия
51,80 мың $38,3 т · 0,2%
13
Түркіменстан
44,27 мың $32,7 т · 0,2%
14
Латвия
22,91 мың $13,3 т · <0,1%
15
Оңтүстік Корея
1,71 мың $804,0 кг · <0,1%
16
Түркия
1,56 мың $21,6 кг · <0,1%
17
Ауғанстан
0,01 мың $16,0 кг · <0,1%
СЭҚ ТН · 1704907100 + 1704907500 · «Қантты тәттілер» санатына кіреді
Дереккөз · Ұлттық статистика бюросы
Есептеу әдісі

Елдер экспорт құны бойынша реттелді. Жолақ пен пайыз елдің таңдалған санаттағы үлесін көрсетеді. Бастапқы кестедегі «Латвия» және «Латвия Республикасы» жолдары бірге есептелді.

Өзбекстан 36,17 млн доллармен екінші, Қырғызстан 11,30 млн доллармен үшінші орында. Осы үш елдің үлесіне санаттағы экспорт құнының 74%-ы келді.

Қантты тәттілердің жартысынан астамын Ресей алды

Какаосыз қантты кондитерлік өнімдер экспорты 41,57 млн долларға жетті. Қазақстан тоғыз айда шетелге осындай 20,1 мың тонна өнім жөнелткен.

Ресей 21,78 млн доллардың тәттісін сатып алды. Бұл санаттағы экспорттың 52,4%-ына тең. Одан кейін Қырғызстан (7,78 млн доллар) мен Беларусь (4,28 млн доллар) тұр.

Карамель мен ирис қаншаға сатылды?

Қантты тәттілердің ішінде какаосыз кәмпит карамелі мен ирис экспорты 25,24 млн долларды құрады. Бұл – санаттағы экспорт құнының 61%-ы. Ресейге 15,72 млн доллардың, Беларуське 4,26 млн доллардың, Өзбекстанға 2,33 млн доллардың карамелі мен ирисі жөнелтілді.

Сондай-ақ оқыңыз