Қазақстан 2026 жылдың алғашқы тоғыз айында шетелге 167 млн АҚШ долларының шоколад, какаолы өнімдері мен қантты тәттілерін сатты. Оның төрттен үші шоколад пен құрамында какао бар өнімдерге тиесілі. Екі санатта да ең ірі сатып алушы – Ресей. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросының дерегінде көрсетілген.
Қазақстанның шоколадын кім көп сатып алады?
Қаңтар–қыркүйекте Қазақстан 21,1 мың тонна шоколад пен какаолы өнімді 125,43 млн долларға экспорттады. Ең көп өнім Ресейге жөнелтілді. Бұл елге 45,14 млн доллардың өнімі сатылды. Шоколад пен какаолы өнімдер экспортының 36%-ы осы нарыққа тиесілі.
Өзбекстан 36,17 млн доллармен екінші, Қырғызстан 11,30 млн доллармен үшінші орында. Осы үш елдің үлесіне санаттағы экспорт құнының 74%-ы келді.
Қантты тәттілердің жартысынан астамын Ресей алды
Какаосыз қантты кондитерлік өнімдер экспорты 41,57 млн долларға жетті. Қазақстан тоғыз айда шетелге осындай 20,1 мың тонна өнім жөнелткен.
Ресей 21,78 млн доллардың тәттісін сатып алды. Бұл санаттағы экспорттың 52,4%-ына тең. Одан кейін Қырғызстан (7,78 млн доллар) мен Беларусь (4,28 млн доллар) тұр.
Карамель мен ирис қаншаға сатылды?
Қантты тәттілердің ішінде какаосыз кәмпит карамелі мен ирис экспорты 25,24 млн долларды құрады. Бұл – санаттағы экспорт құнының 61%-ы. Ресейге 15,72 млн доллардың, Беларуське 4,26 млн доллардың, Өзбекстанға 2,33 млн доллардың карамелі мен ирисі жөнелтілді.
https://kz.kursiv.media/wp-json/newest-post/v1/get?post_id=7191714Қазақстан 167 млн доллардың шоколады мен тәттісін экспорттадыhttps://kz.kursiv.media/kk/2026-11-27/qazaqstan-167-mln-dollardyng-shokolady-men-taettisin-eksporttady/
Серіктестер жаңалығы
Сондай-ақ оқыңыз
Біз cookie файлдарын пайдаланамыз. Бұл қолданушылардың сайтпен қатынасын талдауға әрі оны жақсартуға мүмкіндік береді.
Сіз сайтты қолдана отырып cookie файлдарын пайдалануға келісесіз.