Санкт-Петерборда бір тәулікте маймыл шешегін жұқтырған үшінші адам анықталды

Жарияланды 28 Қараша 2026 09:31

Аягөз Құрмаш

Аягөз Құрмаш

a.kurmasheva@kursiv.media
теңге қор аурухана
Петерборда бір тәулікте үш адамнан маймыл шешегі шықты / Фото: shutterstock

Санкт-Петерборда соңғы тәулікте маймыл шешегін жұқтырған үшінші адам тіркелді. Науқас Таиландқа барған сапарынан кейін инфекция жұқтырған.

Бұған дейін Санкт-Петерборда маймыл шешегін жұқтырды деген күдікпен екі адам ауруханаға жатқызылған еді. Олардың екеуі де Таиландтан оралған. Дәрігерлер науқастардың жағдайын қанағаттанарлық деп бағалаған.

Санкт-Петербор пен Ленинград облысы бойынша Роспотребнадзордың өңіраралық басқармасы санитариялық-эпидемиологиялық тексеруді бастаған.

Маймыл шешегі ағзаның улануына, дене қызуының көтерілуіне және лимфа түйіндерінің ұлғаюына себеп болады. Кейін теріде бөртпелер пайда болады. Ауру асқынусыз өтсе, арнайы емдеуді қажет етпейді. Әдетте адам екі-үш апта ішінде сауығып кетеді.

Аурудан болатын өлім-жітім деңгейі вирустың штаммы мен адамның денсаулық жағдайына қарай 0,1%-дан 11%-ға дейін жетуі мүмкін.

Қазан айында да Петерборда бес адам маймыл шешегін жұқтырғанын жазған едік.

Сондай-ақ оқыңыз