СҚО-да үш жастағы бала терезеден құлап кетті 

Жарияланды
Бала алған жарақат салдарынан көз жұмды

Айыртау ауданының орталығы Саумалкөл ауылында төртінші қабаттың терезесінен үш жасар бала құлап кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz сайты. 

Отбасы бес қабатты үйде тұрады, терезелері ПВХ-дан жасалған. Терезеге орнатылған шыбын-шіркей торы жақтауға шыққан баланың салмағын көтермеген. Ересектер үйінде болғанымен, терезе ашық тұрған. Бала алған жарақат салдарынан көз жұмды.

Өкінішке орай, осындай жағдайлар көп қабатты үйлерде жиі болып тұрады. 

Бүгінгі таңда пәтерлердің көбінде ешқандай күшті қажет етпей, оңай ашуға болатын пластик терезелер орнатылған. Балалар терезенің жақтауына шыққанды жақсы көреді. Алайда, қорғаныс құралдарымен жабдықталмаған және желдету үшін шалқасынан, жартылай, жоғары жағын ашылған терезе – бала үшін қауіпті екендігін естен шығармаған жөн.

Ересек адамның бір сәтке көңіл бөлмеуінің салдары қайғыға алып келуі мүмкін. Ешқашан шыбын-шіркей торына сенбеу керек. Олар конструкциясы жағынан жеңіл және тек жәндіктерден немесе терек мамықтарынан қорғаныс ретінде қызмет етеді. 

Сондай-ақ оқыңыз