Жамбыл облысында 2003 жылдан бері қант қызылшасын өңдемеген «Тараз» қант зауыты қайта іске қосылуға дайындалып жатыр. Кәсіпорын 20 қазаннан кейін шаруалардан қант қызылшасын қабылдауды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Kursiv.Media облыс әкімдігіне сілтеме жасап. Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев зауытты жаңғырту жұмыстарының барысымен танысып, кәсіпорынның іске қосылуға қаншалықты дайын екенін тексерген…