Араб әмірліктері ОПЕК және ОПЕК+ құрамынан шығады

Жарияланды
​​General news бөлімінің тілшісі
Business News бөлімінің аға тілшісі
мұнай
Араб әмірліктері ОПЕК және ОПЕК+ құрамынан шығады / Фото: Shutterstock

ОПЕК-тің байырғы мүшесі ретінде БАӘ-нің ұйымнан шығуы бейберекетсіздікке әкелуі және түрлі мәселелер бойынша ішкі келіспеушіліктерге қарамастан, әдетте геосаясат пен өндіру квоталары бойынша біртұтас майдан ретінде әрекет етуге тырысқан топты әлсіретуі мүмкін, деп жазады Reuters.

БАӘ-нің ОПЕК-тен шығуы ұйымды мұнай бағасын көтеру арқылы «әлемнің қалған бөлігін тонап жатыр» деп айыптаған АҚШ президенті Дональд Трамп үшін үлкен жеңіс. Трамп, сондай-ақ, АҚШ-тың Парсы шығанағы елдеріне көрсететін әскери қолдауын мұнай бағасымен байланыстырып, АҚШ ОПЕК мүшелерін қорғағанымен, соңғылары «мұны мұнайға жоғары баға қою үшін пайдаланып отыр» деп мәлімдеді.

28 ақпаннан бері жалғасып жатқан Израиль мен АҚШ-тың Иранмен әскери қақтығысы аясында БАӘ көмірсутектерді экспорттау және соған сәйкес өндіру бойынша қиындықтарға тап болуда.

Израиль/АҚШ Иранға бірнеше рет соққы берді, ол өз кезегінде Израильге және АҚШ-тың одақтасы болып табылатын Парсы шығанағы елдеріне шабуыл жасады. Олардың қатарына АҚШ-тың әскери базалары орналасқан, сондай-ақ, американдық капиталдың қатысуымен компаниялар жұмыс істейтін БАӘ де жиі ілікті.

Иран екінші жағында Оман орналасқан Ормуз бұғазын бұғаттады. Бұл Парсы шығанағы елдерінен, соның ішінде Ирактан, Кувейттен және БАӘ-ден мұнайды сыртқы нарықтарға экспорттаудың негізгі бағыты. Кейінірек теңіз жолдарын бұғаттауға АҚШ әскерилері де кірісті. Соғысқа дейін Ормуз бұғазы арқылы күн сайын шамамен 20 млн баррель немесе әлемдік мұнай көлемінің 20%-ы өтетін.

Іс жүзінде қазіргі уақытта БАӘ мұнайды айтарлықтай көлемде экспорттай алмай отыр. Бұдан бөлек, зымырандар мен ұшқышсыз ұшу аппараттарының (ҰҰА) соққылары аясында тұрақты әуе қатынасы тоқтатылды, бұл туристер мен бизнесмендердің ағылуына әкеп соқты.

БАӘ өзін бизнес жүргізу және демалыс орны ретінде танытып келді, бұл қонақүйлер мен бизнес-орталықтардың белсенді құрылысына және жылжымайтын мүлік бағасының өсуіне түрткі болған еді. Алайда соңғы екі айда мұның бәрі кідіртілді.

БАӘ-нің ОПЕК және ОПЕК+ құрамынан шығуы елге әскери қақтығыс аяқталғаннан кейін мұнай өндіру көлемін ешкіммен келіспеуге мүмкіндік береді. ОПЕК+ аясындағы Қазақстанның квотасы сәуір айында тәулігіне 1,579 млн баррельді құрайды деп хабарлады ұйым бұған дейін. Наурызда Қазақстанның мұнай өндіру квотасы 1,569 млн баррельді құраған болатын, яғни көрсеткіш тәулігіне 10 мың баррельге өсті.

Жалпы алғанда, ОПЕК+ сәуір айында мұнай өндіруді тәулігіне 206 мың баррельге арттыру туралы шешім қабылдады:

  • Алжир – 977 мың баррель (+6 мың баррель);
  • Ирак – 4,299 млн баррель (+26 мың баррель);
  • Кувейт – 2,596 млн баррель (+16 мың баррель);
  • Сауд Арабиясы – 10,166 млн баррель (+62 мың баррель);
  • БАӘ – 3,429 млн баррель (+18 мың баррель);
  • Оман – 816 мың баррель (+5 мың баррель);
  • Ресей – 9,637 млн баррель (+62 мың баррель).

Ұйым бірінші тоқсанда мұнай өндіру квоталарын арттырмаған болатын.

Сондай-ақ оқыңыз