Иран төңірегіндегі шиеленіс кезінде мұнай бағасы 80 доллардан асты

Иран бойынша келіссөздер төңірегіндегі белгісіздіктің сақталуы мен шикізат жеткізіліміне қатысты қауіп кезінде әлемдік мұнай бағасы 1%-дан астамға өсті, деп хабарлайды Reuters.
6 тамыз кешкі жағдай бойынша Brent маркалы мұнайдың қазан айындағы фьючерстерінің құны 1,04%-ға өсіп, барреліне 80,28 долларды құрады. Америкалық WTI мұнайы 0,81%-ға қымбаттап, барреліне 75,83 долларға жетті.
Reuters атап өткендей, инвесторлар Иран мен Оман арасындағы келіссөздер туралы хабарламаларды сақтықпен бағалауда. Нарық қатысушылары ықтимал келісімдер геологиялық шиеленісті тез төмендете алатынына күмән келтіреді, өйткені бұған дейінгі келісімдер қысқа мерзімді сипатта болған. Мұнай котировкаларына жеткізілімдегі іркілістер тәуекелдері де қосымша қолдау көрсетуде.
Агенттік мәліметінше, йемендік хуситтер Қызыл теңіз бен Аден шығанағындағы сауд танкерлеріне шабуыл жасалғанын хабарлаған, ал Иран Парсы шығанағы елдеріне АҚШ тарапынан жаңа соққылар жасалған жағдайда энергетикалық инфрақұрылымға қатысты қарымта шаралар қабылдануы мүмкін екенін ескертті.
Сонымен бірге, Сауд Арабиясының қыркүйек айында азиялық сатып алушылар үшін Arab Light мұнайын сатудың ресми бағасын сәл төмендету туралы шешімі нарыққа қысым көрсетті. Дегенмен, сарапшылардың пікірінше, сақталып отырған геосаяси тәуекелдер әлі де шикізат құнын қолдауды жалғастыруда.
Айта кетейік, осыған дейін ОПЕК+ ұйымына мүше жеті ел тамыз айында мұнай өндіру көлемін арттыру туралы шешім қабылдаған еді.