Тұтынушылар құқығы қаншалықты қорғалып жүр?

Жарияланды
Заңдағы олқылықтар түзетілмек

Соңғы жылдары тұтынушылар құқығын қорғау мәселесі жиі айтыла бастады. Халықтың өз талабын сауатты білдіре алуын, сатушы мен сауда мекемелерінен сапалы сервисті талап етуін – ілгері басқан айрықша құбылыс деп бағалауға болады. Дегенмен әзірге мұның өзі жеткіліксіз. Тұтынушылар құқығын қорғау саласындағы кейбір түйткілдерді жойып, кейбір пунктерді жетілдіру керек. 

Қазір сауда және интеграция министрлігі тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша түзетулердің бірінші пакетін әзірлеп, оған былтыр маусымда президент қол да қойған еді. Алайда енгізілген жаңалықтар қиындық тудырған. Бұл туралы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Асқар Тынысбеков айтады. 

«Біріншіден, тұтынушылардың құқығын қорғау үш сатылы алгоритмінің проблемалары болды. Сот тәжірибесі көрсеткендей, тұтынушылар сотқа жүгінбестен бұрын үш сатылы механизмнің алғашқы екі кезеңінен өтуге міндетті. Алғашқысы – сатушы және дауды сотқа дейін реттеу субъектісі, одан кейінгісі – мемлекеттік орган. Осыған байланысты тұтынушының сот арқылы қорғалуға конституциялық құқығын іске асыруға артық кедергіні алып тастай отырып, заң нормасына өзгерістер енгізу ұйғарылып отыр» дейді спикер. 

Қоғамдық бірлестіктердің толық бақылауы да мүмкін емес болып отыр. Сонымен қатар электрондық сауда нарығында да құқық қолдану тәжірибесінде әлі де олқылықтар бар. Тұтынушылар тауарға интернет арқылы төлеу кезінде алдау мен алаяқтыққа жиі тап болады, бұл әлеуметтік желілердегі тауарлар айналымын заңнамалық реттеуді талап етеді.  

«Біріншіден, қолданыстағы заңды қолдану практикасы мен проблемаларына қатысты азаматтардың, заңды тұлғалардың өтініштері талданды және жинақталды. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша әлеуметтік зерттеулер мен талдамалық деректердің нәтижелері де зерделенді. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы халықаралық тәжірибе зерделенді, олар бойынша талдау дайындалды. Биыл маусымда тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық кеңестің бірінші отырысы өтіп, ол заңнаманы жетілдіру бойынша ұсыныстар талқыланды» деді Тынысбеков. 

Тұтастай алғанда, заңның екінші пакетін әзірлеу ерікті мүшелікке негізделген біртұтас жалпыұлттық коммерциялық емес ұйымның жұмыс істеуі үшін заңнамалық негізді көздейді. Бұл ел бойынша қоғамдық бірлестіктерді ұлттық мәртебесі бар тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі жүйелендірілген, ұйымдастырылған, материалдық және нормативтік нығайтылған, үкіметтік емес бір ұйымға шоғырландыруға әкелмек. 

Түзетулердің 2-пакетінде қазақстандықтар үшін маңызды басқа да жаңа енгізулер ұсынылған, мысалы, омбудсмен институты. Асқар Тынысбековтың айтуынша, омбудсмен халық пен қоғамдық бірлестіктердің дауысы ретінде қызмет ететін болады, ол тұтынушылардың құқықтары бұзылған салалар мен салалардың қазіргі проблемаларын мемлекеттік биліктің бірінші тұлғаларына тікелей жеткізеді.

«Заңның базалық қағидаттарын коммуналдық, қаржылық, медициналық, туристік және өзге де көрсетілетін қызметтер салаларына тарату, тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ететін іс-шаралар дәйектілігіне негізделген қорғау жүйесін, сондай-ақ басқа да жаңалықтарды қайта қарау жоспарланып отыр. Заңға ұсынылған түзетулер – біржағынан тұтынушының қанағаттануы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету, ал екінші жағынан ықтимал әлеуметтік тәуекелдерді болдырмау, мемлекеттік реттеу тиімділігі деңгейінің өсуі, халық үшін тұтынушылардың құқықтарын қорғау жүйесінің тұтастығын, тиімділігін және қолжетімділігін жақсарту бойынша оң әсер береді деп ойлаймыз» деді спикер.  

Қорытындылай келе, Тыныбеков аталған жаңашылдықтарды заңнамалық түрде бекіту тұтынушылардың құқықтарын қорғау жүйесін қағидатты сапалы деңгейге шығаратынын, ал бар проблемаларды реттеу тұтынушылардың өмірінде оң өзгерістерге әкелетінін атап өтті.

Алдағы уақытта баға белгілеу мәселесі де тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің қарауына енгізілмек.

Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің «жедел желісіне» келіп түскен шағымдарды талдау
•    Баға белгілеудің;
•    Оның ішінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары; 
•    ТКШ саласындағы жоғары тарифтер; 
•    Ипотекалық несиелер бойынша үлескер тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша 
баға белгілеудің «кең таралғанын» көрсетті. 

Бұл ретте, шағымдармен жүгінген тұтынушылардың саны тұтынушылардың құқықтарын сақтаудың нақты жай-күйін толық көрсетпейтінін түсіну керек. Өйткені белгілі бір себептерге байланысты мемлекеттік органдарға жүгінбейтін тұтынушылар да бар. Егер сегіз айды мысалға алатын болсақ, «жедел желіге» келіп түскен шағымдардың 47 пайызы ТКШ саласына, 5 пайызы әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын көтеру бойынша екен. Комитет үйлестіруші рөлді жүзеге асыратын уәкілетті орган ретінде жоғарыда көрсетілген мәселелерді реттеу мен бақылау құзыретіне жататын органдармен тиісті жұмыс жүргізбек. 

«Мысалы, жанар-жағар май бағасының өсуі энергетика министрлігінің құзыретіне, ТКШ саласындағы жоғары тариф – ИИДМ тиісті комитетінің құзыретіне, ипотекалық несиелер тұтынушыларының құқықтарын қорғау, үлескерлер қаржы бақылау агенттігінің құзыретіне жататыны ешкімге құпия емес. Осы проблемаларды зерттеу мақсатында 2020 жылы халық арасында әлеуметтік сауалнама жүргізілді. Біздің тапсырысымыз бойынша мемлекеттік сатып алуды жеңіп алған фирма еліміздің барлық өңірлерінде сауалнама жүргізді, жұмыстағы белгілі бір кемшіліктерді анықтады. Сондықтан, осының барлығын талдай келе, жаңа заң жобасында біз заңнаманың негізгі қағидаттарын таратуды ұсынып (олар біз реттейтін сала болмағандықтан жазылмаған), заңға енгізуді жоспарлап отырмыз. Атап айтқанда, бұл көлік, медициналық, туристік қызмет көрсету саласы. Сондай-ақ, тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелерін қозғайтын әртүрлі НҚА-ны дәл осы тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілетті органмен, яғни бізбен міндетті келісу нормаларын қоспақпыз. Бұл тұтынушыларға қатысты қандай да бір проблемаларға заңнамалық деңгейде ден қоюға мүмкіндік береді» деп түсіндірді спикер.
 

Сондай-ақ оқыңыз