Қаржы пирамидасын қалай танып-білуге болады

Жарияланды
Олардың негізгі белгілері қандай

Қаржы пирамидасын сыртқы белгілері бойынша анықтауға көмектесетін гайд – нұсқаулықты Fingramota.kz сайты ұсынды.

Жосықсыз іс-қимыл практикасының  негізгі белгілері:

1. Мыналарды қоса алғанда, бірақ олармен шектелмей: 

•    бағалы қағаздар нарығындағы қызметті;

•    банк қызметін, оның ішінде депозиттер тарту, кредиттер беру, аударымдар мен төлемдерді жүзеге асыру және т.б. бойынша;

•    микрокредиттер беру жөніндегі қызметті;

•    коллекторлық қызметті жүзеге асыруға Агенттік лицензиясының/есептік тіркеуінің болмауы.

2. БАҚ-та, интернет-ресурстарда, оның ішінде әлеуметтік желілерде жоғары кірістілік, пассив кіріс алуды уәде ететін жаппай жарнама.

3. Компания клиенттерден жылжымалы немесе жылжымайтын мүлікті нарықтан жоғары баға бойынша (үш айдан бөліп төлеу арқылы немесе ең төменгі пайыздық мөлшерлеме бойынша) сатып алуды ұсынады, сондай-ақ керісінше клиенттерге жылжымалы немесе жылжымайтын мүлікті нарықтан төмен баға бойынша (міндетті аванстық төлеммен) сатып алуды ұсынады;

4. Компания бастапқы капиталды міндетті түрде салып, бірлескен кәсіпорынның/ компанияның қатысушысы  болуды ұсынады.

5. Белгілі бір сомаға тауарды/қызметті сатып алу және қосымша бірнеше тұлғаны тарту (бұл ретте бөлшек сауда жоқ) міндетті талап болып табылады.

6. Ақша қолма-қол ақшамен, жеке тұлғаның карточкалық шотына нетөлем ұйымдарының терминалдары арқылы электрондық әмиянға салынады.

7. Компанияның, жеке тұлғаның немесе қоғамдық жобаның қызметі туралы нақты анықтама (бірегей қызмет туралы мәлімдеме) жоқ.

8. Компанияның немесе жобаның қызметіне кейіннен қатысу үшін алдын ала (арнайы) жарналардың болуы.

9. Нарықтық көрсеткіш деңгейінен едәуір жоғары кірістілік туралы жария уәде.

10. Табыстылыққа кепілдік беру (банк салымдарын қоспағанда, бұған қаржы нарығында тыйым салынған).

11. Атауда, нышандарында, жарнамаларда сөздер мен сөз тіркестерін немесе оларды белгілі компанияларға, брендтерге ұқсас ететін нышандарды пайдалану.

12. Әртүрлі бағдарламаларға халықтан ақша қаражатын тарту, оның ішінде банктік кредитке балама ретінде болатын автомобильдер, пәтерлер, жер учаскелері, халық тұтынатын тауарлар және т.б. сатып алуға тарту.

13. Шарт компанияда, жеке тұлғада немесе жария жобада ақша қаражатының инвесторы (салымшысы) алдында қандай да бір міндеттемелер болмайтындай етіп жасалады. Не шарт инвестордың (салымшының) шарттық қатынастар тоқтатылған және компания, жеке тұлға немесе жария жоба тарапынан міндеттемелер орындалмаған жағдайда да ақша қаражатын қайтаруы мүмкін емес болатындай етіп жасалады.

14.  Анонимділік – компанияның немесе жобаның құрылтайшылары және басшылары (тегі, аты, әкесінің аты, өмірбаяны) туралы нақты ақпараттың болмауы, қаржылық есептіліктің болмауы.

15. Офистің болмауы немесе айрықша номиналдық офистің болуы, мысалы, заңды тұлғаны тіркеу орны бойынша немесе жеке тұлғаның тұрғылықты жері бойынша.

16. Егер «қаржы пирамидасы» заңды тұлға нысанында ұйымдастырылса, компанияны оффшорлық юрисдикцияда (Кипр, Сейшель аралдары, Белиз және т.б.) тіркеу.

17.    Нарықтық деңгейден айтарлықтай асатын, кепілдік берілген кірісті (мүліктік пайда) төлеуге уәде бере отырып, болмаған активтерге және (немесе) жобаларға  инвестициялар.
 

Сондай-ақ оқыңыз