Жүргізуші куәлігін үйде қалдырып кетуге болатын күн туды ма?

Жарияланды
Құжат алуға қатысты толық ақпарат

Қарашаның басында осындай жақсы жаңалық жылт еткен. Естуіміз бойынша, енді көлігі барлар жүргізуші куәлігін жанынан екі еле қалдырмай жүруге міндетті болмайды. Себебі базада сіз туралы барлық мәлімет көрініп тұрады. Бар болғаны жеке куәлікті көрсетесіз, әрі қарай планшет іске кіріседі. Енді толығырақ айтатын болсақ, Мәжіліс «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жол қозғалысы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын қабылдады. Осы заң жобасының шеңберінде қазақстандық жүргізушілер ендігіде жүргізуші куәлігінсіз жүрсе жауапкершілікке тартылмайды. Мәжілістің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы Қанат Мусиннің айтуынша, тұтастай алғанда заң жобасы көлік саласындағы заңнаманы жетілдіру үшін дайындалған.

     «Заң жобасында көлік жүргізушілердің өзімен бірге жүргізуші куәлігі болмағанда, сондай-ақ Қазақстан Республикасында берілген көлік құралын тіркеу құжатын алып жүруге міндеттейтін ережені бұзғаны үшін жауапкершілік жою қарастырылған. Сонымен қатар, заң жобасы белгілі бір көлік құралдарын пайдалану ережелерін реттеуге бағытталған. Комитет бұл заң жобасын 2021 жылдың 26 қарашасына дейін қарап, ол бойынша қорытынды дайындауға дайын», – деді депутат жалпы отырыста.

Бұған дейін Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев бұл туралы айтқан болатын. Оның сөзіне сүйенсек, автокөлік иесіне барлық қажетті ақпараты, берілген сенімхаты, сақтандыру полисінің қолданылу мерзімі және техникалық тексеруден өту туралы барлық деректері бар жүйе арқылы планшеттен көруге болады.

Осы ретте жүргізугі куәлігін алу және мерзімі өтпей тұрып оңай жолмен қайта жасату жолдарына тоқтала кетейік. Егер сіз бірінші рет алайын деп тұрсаңыз, ойыңыз жан-жаққа шашырап, неден бастарыңызды білмей тұрған болуыңыз керек. Ондай болса, сізге біз кеңеспен көмектесе аламыз.

Жүргізуші куәлігін алу процесін шартты түрде мынадай кезеңдерге бөлуге болады:
•    жол қозғалысының ережелерін оқу және көлік құралын жүргізуге үйрену;
•    емтихан тапсыру;
•    құжаттарды жинау;
•    құжаттарды тапсыру және жүргізуші куәлігін алу.
Жүргізуші куәлігін алу үшін мемлекеттік баждың құны — 1,25 АЕК. Басыңызды қатырмай, сомасын айта кетсек, 3500 теңге шамасында. Ал енді куәлікті кімдердің ала алатынына келсек. Бұл тізімде өзіңізді тапсаңыз, емтихан тапсырып, құжаттарды реттеуге кірісе берсеңіз болады.

Жүргізуші куәлігі келесі жасқа толған адамдарға берілуі мүмкін:
•    «AI» кіші санатының көлік құралдары — он алты жасқа толған адамдарға;
•    «А», «В» санатының  және «B1», «C1» кіші санаттарының көлік құралдары — он сегіз жасқа толған адамдарға;
•    «С» санаттарының және «D1» кіші санатының көлік құралдары  — жиырма бір жасқа толған, үш жылдан кем емес жүргізуші өтілі бар, соның ішінде «С1» санатына жататын көлік құралдарын басқару өтілі бір жылдан кем емес адамдарға;
•    «D», «Тm» және «Tb» санатты көлік құралдарын — бес жылдан кем емес мерзімде жүргізуші жұмыс өтілі бар жиырма бес жасқа толған, соның ішінже үш жылдан кем емес «D1» санатына жататын көлік құралдарын басқару өтілі бар адамдарға;
•    «BE», «СЕ», «DE» санатты көлік құралдарының құрамы — он екі айдан кем емес мерзім ішінде «В», «С» немесе «D» санатты көлік құралдапын басқару құқығы бар адамдарға;
•    «С1E», «D1E» кіші санатты көлік құралдары құрамдары — он екі айдан кем емес мерзімде «С», «D» санаттары немесе «C1», «D1» кіші санаттарымен көлік құралдарын басқару құқығы бар адамдарға.

Сонымен қатар, ұлттық жүргізуші куәлігін Қазақстан Республикасында тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркеуде тұрған шетелдік азаматтар және азаматтығы жоқ тұлғалар ала алады. Жүргізуші куәліктің жаңа үлгісі 2015 жылдың 03 наурызынан бастап күшіне енді, оның келесі санаттары бар:
1.    «А», «A1» – екі дөңгелекті мотоциклдарда;
2.    «В» – рұқсат берілген ең көп массасы 3 500 кг аспайтын және отыратын орынның саны жүргізушінің орнын санамағанда 8-ден аспайтын, өзінің техникалық мінездемесімен сағатына 100 км кем емес жылдамдықты ала алатын автокөлікте;
3.    «B1» –  трициклдарда немесе квадроциклдарда;
4.    «С», «C1» – рұқсат берілген ең көп массасы 3 500 кг аспайтын жүк автокөлігінде;
5.    «D» – отыратын орынның саны 28-ден кем емес және ұзындығы 7,0 м кем емес автобустарда;
6.    «D1» – отыратын орынның саны 28-ден аспайтын және ұзындығы 7,0 м аспайтын автобустарда;
7.    «BE» – рұқсат берілген ең көп массасы 3 500 кг аспайтын және отыратын орынның саны жүргізушінің орнын санамағанда 8-ден аспайтын, өзінің техникалық мінездемесімен сағатына 100 км кем емес жылдамдықты ала алатын, – рұқсат берілген ең көп массасы 1000 кг кем емес тіркемемен, ал көлік құралы составтың массасы 3 500 кг аспайтын автокөлікте;
8.    «СЕ», «C1E» – рұқсат берілген ең көп массасы 3 500 кг асатын, арасын 1 метрден астам кемінде екі қос доңғалақ білігі бар тіркемесімен немесе жартылай тіркеме;
9.    «DE», «D1E» – буындасқан автобустарда немесе отыратын орнының саны 28 кем емес және ұзындығы тіркемемен 7,0 м кем емес, рұқсат берілген ең көп массасы 1000 кг аспайтын автобустарда;
10.    «Tm» – трамвайда;
11.    «Tb» – троллейбуста.

Емтиханды тапсыруға дейін болашақ жүргізушілер ең алдымен медициналық тексеріп-қараудан өтуге және одан кейін денсаулық жағдайы туралы 083-у нысанды анықтаманы алуға тиіс. Бұл үшін медициналық мекемеге (жеке не мемлекеттік) бару қажет. Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарының ғимараттарында медициналық тексеру жүргізу және 083-у нысанындағы медициналық анықтама беру үшін медицина қызметкерлері отырады. 

Ең қызығы — емтихан. Оған:
•     «А», «В», «С», «Д», «E» санатындағы көлік құралдарын, трамвайларды, троллейбустарды басқару құқығын алуға ниет білдірген, оқу ұйымдарында толық даярлық курсынан, ал оқу басталғанға дейін анықтама ұсына отырып, медициналық куәландырудан өткен адамдар;
•    «А» және «В» санатындағы көлік құралдарын басқару құқығына куәлік алу үшін тиісті бағдарламалардың көлемінде өз бетінше дайындалған және көлік құралдарының жүргізушілерін даярлау және қайта даярлау жөніндегі ұйымдар жоқ жерлерде тұратын адамдар;
•    дипломның көшірмесін, семестрлық және емтихан ведомостерінен үзінділерді, дипломға қосымшаларды ұсынған және ТЕБ-те сұрақтар қойылған санаттар бойынша теориялық және практикалық емтихан тапсырған жағдайда «А» және «В» санаттарына жататын көлік құралдарын басқару құқығын беру үшін автомобиль-трактор мамандығы бойынша жоғары және арнайы орта оқу орындарын бітірген адамдар жіберіледі.

1.Көлік құралдарын басқару құқығын алу үшін ТЕБ-те емтихан тапсыруға, көлік құралдарын басқару құқығына куәлік алуға тұрақты тұратын жері, растайтын құжаттар бар болған жағдайда 6 айдан астам мерзімде уақытша тұратын жері бойынша тіркелген адамдар, сондай-ақ келген жері бойынша ішкі істер органдарында белгіленген тәртіппен тіркелген шетелдік азаматтар жіберіледі.Барлық әскер түрлерiнiң мерзімді қызмет әскери қызметшiлерi емтихандарға әскери бөлiмдердің орналасқан жері бойынша жiберiледi.

Емтихандар мынадай рет бойынша тапсырылады: бірінші теориялық, содан кейін практикалық. Жүргізуші куәлігін алуға тілек білдірген теориялық емтихан тапсырмаған адам практикалық емтиханға жіберілмейді. Теориялық және практикалық емтихан екінші рет оның алдындағы емтихан өткізілген күннен бастап кемінде жеті тәулiктен кейiн тағайындалады. Тұрғылықты жерін ауыстыратын немесе әскери қызметке, оқуға, ұзақ мерзімді iссапарға (үш айдан астам) кететiн және емтихан тапсыра алмаған адамдар растайтын құжаттарды ұсынған жағдайда, оларға емтихан екіншi рет кемінде үш күнтізбелік күннен кейiн тағайындалады. Теориялық емтиханда алынған оң баға үш ай ішінде жарамды болып саналады. Көрсетілген мерзім өткеннен кейiн көлік құралын басқару құқығын алуға үміткер қайтадан теориялық емтихан тапсырады.
Практикалық емтихан келесі жүйе бойынша бағаланады: оң баға – «Тапсырды», қанағаттанарлықсыз – «Тапсырған жоқ».

Қазіргі уақытта жүргізуші куәлігін алудың екі жолы бар: «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-ның филиалына жүгіну арқылы, тек жүргізуші куәлігін ауыстырған жағдайда «электрондық үкімет» порталы арқылы. Сонымен бірге, мерзімі бітпей тұрып EGov арқылы айырбастап, жаңарту тіпті оңай. Мерзімге сақ болғаныңыз жөн. Онсыз да бос уақыт тапшы кезде ХҚКО-да бос сандалмаңыз. 

Сондай-ақ оқыңыз