Қағаз түріндегі мемлекеттік қызметтер саны 2,5 есеге қысқарды
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінде қағаз күйінде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер саны 2,5 есеге қысқарды. Бұл туралы Министрліктің алқа отырысында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Динара Щеглова айтты, деп ҚР ИИДМ баспасөз қызметі хабарлады.
2020 жылы Министрлік 271 506 мемлекеттік қызмет көрсетті. Оның ішінде 264 886-сы электрондық түрде немесе 97,5% көрсетілді. 2019 жылмен салыстырғанда қағаз түріндегі қызметтер саны 2,5 есеге, атап айтқанда 16 мыңнан 6 мыңға дейін қысқарды.
Qazindustry порталында іске қосылған 11 мемлекеттік қызметті автоматтандыру бойынша техникалық жұмыстар (азаматтық авиация, құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, көлік, жер қойнауын пайдалану, индустриялық даму салаларында), сондай-ақ 5 мемлекеттік қолдау шарасы аяқталды.
Нәтижесінде Министрлік мемлекеттік қызметтердің 96% (116-дан 112) электрондық түрде көрсетеді.