Қазақстанда бес ірі кәсіпорын жұмыс істей бастайды
Елімізде биыл бес ірі кәсіпорын жұмыс істей бастайды. Бұл туралы ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
1) «KPI» газ-химия кешені ЖШС (полипропилен өндірісінің 1-сатысы) Атырау облысы, (814,3 млрд. теңге, 550 жұмыс орны);
2) «KAZ Minerals Aktogay» ЖШС қазір жұмыс істеп тұрған сульфидті фабрика есебінен Ақтоғай тау-кен байыту кешенінің қайта өңдейтін қуаттылығын кеңейту, Шығыс Қазақстан облысы (396 млрд. теңге, 700 жұмыс орны);
3) «Жәйрем КБК» АҚ қолданыстағы өндірісті жаңғырту. Қарағанды облысында байыту фабрикасын салу (145 млрд. теңге, 381 жұмыс орны);
4) «Казцинк» ЖШС Rail-Veyor көлік жүйесін іске қосу арқылы Долинный-Обручев кенішінің өнімділігін арттыру (1-кезек), Шығыс Қазақстан облысы (37 млрд. теңге, 320 жұмыс орны);
5) «Qaz Carbon» ЖШС (Қаз Карбон)» Қарағанды облысында агломерациялық фабрикасы бар Сарыарқа ферроқорытпа зауытын салу (35 млрд. теңге, 400 жұмыс орны).